Тағайындау Тағайындау (Назначение; aUcation, assigment) бір объектіні екіншісінен кейін бекіту; жүйеде қабылданған кейбір логикалық атауларды енгізу-шығарудың физикалық құрылғысына телу; айнымалының мәнін телуге мүмкіндік беретін механизм. Тағайындау адресі Тағайындау адресі (Адрес назначения; destination address) — мәліметтерді жіберетін жад аймағының немесе құрылғының адресі. Тағайындау аймағы Тағайындау аймағы (Область назначения; destination area) — операция нәтижесін, мәліметтерді қайта жіберу және т.б. жазуға бөлінетін жад аймағы. Тағайындау (меншіктеу) операторы Тағайындау (меншіктеу) операторы (Оператор назначения (присвоения); assignment operator) — мәліметтер құрылымына немесе айнымалыларға мәндер тағайындау үшін пайдаланылатын оператор. Мысалы, сол жақ операндтың мөндерін оң жақ операндқа тағайындау қызметін қарапайым (:=) меншіктеу операторы (а:=а+1) атқарады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер
Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника