Украина (, ) — Шығыс Еуропадағы ірі мемлекет және Еуропадағы екінші ең ірі ел, 24 облыс пен Қырым Автономиялық Республикасынан тұрады. Жер көлемі 600 мың шаршы шақырымға тең. Солтүстігінде Беларусьпен, батысында Польша, Словакия мен Мажарстанмен, оңтүстік-батысында Румыния мен Молдовамен, шығысында Ресеймен және оңтүстігінде Қара мен Азов теңіздерімен шектеседі. Елдің астанасы және ең ірі қаласы — Киев.

41,6 миллион халқының 74 пайызы — украиндар. Одан басқа поляк, словак, румын, мажарлар бар, олар елдің батыс жағында қоныстанған болса, орыстар негізінен шығысында тұрады. Украинаның ресми тілі — украин тілі. Елдегі діншілдердің көпшілігі православие дінін ұстанады, сонымен қатар католицизмді, иудаизмді және исламды ұстанатындар бар.

1991 жылғы тамызда Украина КСРО құрамынан шығып, тәуелсіз болды. 1996 жылы жаңа конституциясы қабылданды. Еуромайдан деп аталатын бірқатар жаппай шерулер төңкерістен кейін 2014 жылы жаңа еуропашыл үкіметтің құрылуына әкелді. Бұдан кейін Ресей Украинаның Қырым түбегін заңсыз түрде аннексиялады да, ресейшіл толқулар Украинаның шығысындағы Ресей қолдайтын сепаратистер мен үкімет күштері арасындағы соғысқа ұласты. Ресеймен соғысынан бері Украина АҚШ, Еуропа одағы және НАТО-мен тығыз байланысын жалғастырды. Ресей 2022 жылы Украинаға басып кірді және елдегі қақтығыстар әлі де жалғасуда.

Этимологиясы «Украина» сөзі көне славян тілінен «шекара», не «шекарадағы жер» дегенді білдіреді және краина сөзінен шыққан.

Тарихы

Ерте тарихы нобай|оңға|Үнді-еуропалықтардың Понтий-Каспий даласынан қазіргі Украина мен Ресей жеріне қоныс аударуы бейнеленген карта

Адамдардың қазіргі Украина жеріндегі тұңғыш қоныстары б.з.б. 32,000 жылдарда пайда болған деп есептеледі, оған Қырым тауларындағы Граветтиялық мәдениетті дәлел бола алады.Prat, Sandrine; Péan, Stéphane C.; Crépin, Laurent; Drucker, Dorothée G.; Puaud, Simon J.; Valladas, Hélène; Lázničková-Galetová, Martina; Plicht, Johannes van der; Yanevich, Alexander (2011) The Oldest Anatomically Modern Humans from Far Southeast Europe: Direct Dating, Culture and Behavior 6 (6): e20834. PMC 3117838 PMID 21698105 Б.з.б. 4,500 жылға қарай неолиттік Триполье-Кукутень мәдениеті қазіргі Украина жерінің көпшілігін алып жатқан еді. Кейбір дереккөздерде жылқының қолға үйретілуі осы жерлерде тұңғыш рет орын алды делінеді. Қорған гипотезасы үнді-еуропалықтардың тілдік Отаны Украинаның Еділ-Днепр және Ресейдің оңтүстігінде болды деп болжайды. Темір дәуірінде бұл жерді ирандық тілдерде сөйлейтін кемерлер, скифтер мен сарматтар мекендеген. Біздің заманымызға дейінгі 700–200 жылдар аралығында ол розаСкиф патшалығының бір бөлігі болды.

Б.з.б. VI ғасырға қарай Қара теңіз жағалуында гректер, римдіктер мен византиялықтар қоныстанды. Сол жерден қоныс аудармай, қала берген халықтар арасында готтар болды, алайда олар 370 жылдарына қарай ғұндардан қысым көрді. VI ғасырда қазіргі Шығыс Украина жері Ұлы Бұлғарияның орталығы болды. Ғасырдың соңына қарай бұлғарлардың көпшілігі түрлі бағыттарға қарай көшіп кетті де, жердің көпшілігін хазарлар жаулап алды.

V–VI ғасырларда Украинаны ежелгі славяндық анттар мекендеді. Ежелгі славяндардың қазіргі Украинадан Балкан түбегіне қарай қоныс аударуы қазіргі Оңтүстік славяндардың пайда болуына әкелді.

Киевтің алтын ғасыры

нобай|оңға|Ең көп жерге ие болған кезіндегі Киев Русінің картасы, 1054 жыл

Киев Русі мемлекетінің қалай қалыптасқаны әлі де анық емес. Киев Русі жерінің құрамына қазіргі Украина, Беларусь және Еуропалық Ресейдің батысы кіретін. мәліметінше Русь халқының құрамына скандинавиялық варягтар кіретін. 882 жылы Көреген Олег Киевті жаулады да, оны Русьтің жаңа елордасы қылды. Алайда антинорманист тарихшылардың сөзінше Днепр оңтүстігіндегі Шығыс славяндар сол кездері өзінің тәуелсіз мемлекетін құрып жатқан еді. Варягтік элита мен соның ішіндегі рюриктер әулеті жергілікті славяндармен ассимиляцияланды. Киев Русі бір-біріне туыс болған рюрикович кінәздер басқарған бірнеше кінәздіктерден құралған еді, кінәздер бір-бірімен Киев үшін соғысып жататын.

X–XI ғасырларда Киев Русі Еуропадағы ең ірі мемлекет болды, сондықтан бұл заман оның Алтын ғасыры делінеді. Ол христиандануды жүргізген Владимир Святославичтың (980–1015) билігімен басталды. Оның ұлы дана Ярославтың (1019–1054) билігі кезінде Русь өзінің мәдени және әскери дамуының шыңында еді. Ұлы Мстислав Владимировичтың (1125–1132) өлімінен кейін Киев Русіндегі бірлік жоқ болды, ол түрлі кінәездіктерге бөлініп қалды. XI–XII ғасырларда түркітілдес құмандар мен қыпшақтар Қара теңіздің солтүстігіндегі Понтий даласының мықты державасы еді.

XIII ғасырда орын алған Моңғол-татарлардың Руське шапқыншылығы Русьті қатты әлсіретті, 1240 жылы Киев толықтай жойылды. Қазіргі Украинаның батысында кейін Галиция-Волынь кінәздігі құрылды. Роман Мстиславичтің ұлы болған Даниил Галицкий оңтүстік-батыс Русьтің көпшілігін біріктіріп, Рим папасының қолдауымен Галиция-Волыньнің тұңғыш королі болды.

Шетел қарамағында нобай|оңға|Польша патшалығы мен Ұлы Литва кінәздігінің жерлері, 1386–1434

1349 жылы Галиция-Волынь соғыстарының нәтижесінде қазіргі Украина жері Польша корольдігі мен Ұлы Литва кінәздігі арасында бөлініп тұрды. XIII ғасырдың ортасынан XIV ғасырдың екінші жартысына дейін Генуя Республикасы Қара теңіздің солтүстік жағалауында бірнеше бодандық құрды да, оларды ірі сауда орталықтарына айналдырып, басшылығына Республиканың өкілі болған консулдарды тағайындады. 1430 жылы Подолье аумағы Польша құрамына енді де, қазіргі Украина жеріне поляктар қоныс аударатын болды. 1441 жылы Шыңғыс хан ұрпағы болған I Қажы Герей Қырым мен оның айналасындағы жерінде Қырым хандығын құрды. Қырымдықтар басқа түркілермен бірге Украина жеріне шапқыншылықтар жасайтын да, келесі үш жүзжылдық уақытында олар 2 миллионға жуық адамды құлдыққа алды. ISSN 0022-2097

1569 жылы Люблин униясы Речь Посполитаяның негізін қалады, украиналық жердің көпшілігі Литвадан Польша патшалығының тәжіне берілді де, ол де-юре поляк жері болды. Полонизация (поляктандыру) саясатының нәтижесінде Рутенияның бір бөлігі католик болды, шляхта мүшелігін алды.

Казак гетманщинасы

нобай|солға|Гетман Богдан Хмельницкий Польшаға қарсы көтерілісінен кейін, 1648 жылы казак мемлекетін құрған

Рутениялық элита арасында шаруалардың, қала халқының өкілі болмағандығынан қара халық Запорожье казактарына жүгінді. XVII ғасырдың ортасына қарай запорожьелік казактар мен рутениялық шаруалар Запорожьелік сечь атты квазиавтономиялық мемлекет құрды. Польша билігі казак жеріне көп әсер ете алмай қалды, бірақ сонда да казак жауынгерлерін түріктер мен татарларға қарсы жіберіп жататын. Алайда шляхта сияқты элитадан көрген қысымнан рутениялық та, казак та болған шаруалар билікке қарсы шығудан абыржымайтын.

1648 жылы жергілікті халықтан қолдау көрген гетман Богдан Хмельницкий Поляк короліне қарсы бірнеше көтеріліс ұйымдастырды да, 1648 жылы Гетманщина казак мемлекетін құрды. Гетмандар мемлекеті 1764 жылға дейін күн көрді (кейбір дереккөздердің мәліметінше 1782 жылға дейін). Берестечкода ірі жеңіліс көрген Хмельницкий Ресей патшасынан көмек сұрауға мәжбүр болды. 1654 жылы Переяславль Радасының нәтижесінде Гетманщина мен Ресей арасында әскери және саяси альянсы пайда болды.

Хмельницкийдің өлімінен кейін Гетманщина үшін басталған, Ресей, Польша, Қырым хандығы, Осман империясы мен казактар қатысқан отыз жылға созылған, «Құланды» («қираған үйінді» мағынасында, , 1657–1686) деп аталған соғыс орын алды. Мәңгі бітім келісімінің нәтижесінде Гетманщина жері Польша мен Ресей арасында бөлінді. 1686 жылы Орыс шіркеуі Киев метрополиясын аннексиялады, Ресей мен Украина шіркеулері енді байланысты болды.

Полтава шайқасындағы жеңілісінен кейін Гетманщинаның автономиясы қатты әлсіреді. 1764–1781 жылдары II Екатерина бұйрығымен Орталық Украинаның көбі Ресей империясының құрамына енгізілді, Гетманщина мен Запорожьелік сечь жоқ болды. Қырым аннексиясынан кейін «Новороссия» (Жаңаресей) болып аталып кеткен Украина жеріне орыстардың қоныс аударуына рұқсат берілді. Самодержавие деп аталып кеткен патшалық автократия барысында елде руссификация (орыстандыру), соның ішінде украин тілінің қолданылуы және украиналықтардың сәйкестігіне шектеу қойылды.Remy, Johannes (2007). "The Valuev Circular and Censorship of Ukrainian Publications in the Russian Empire (1863–1876): Intention and Practice". Canadian Slavonic Papers. 47 (1/2): 87–110. doi:10.1080/00085006.2007.11092432. JSTOR 40871165. S2CID 128680044 Қазіргі батыс Украинаның жері 1795 жылы, Речь Посполитаяның ыдыауынан кейін Габсбургтар басқарған Аустрия мен Ресей арасында бөлінді.

XIX ғасыр мен XX ғасырдың басы

нобай|оңға|Теодор Аксентовичтың «Гуцулдардың жерлеуі» суреті, 1882. Біраз поляк пен украин тұрған Аустриялық Галиция аймағында кедейлік, аштық көп болды.

XIX ғасырдың басында украиналық ұлтшылдық өсім көрді. Күрт басталған урбанизация мен модернизация себебінен халық арасында романтикалық ұлтшылдық өсім көрді, украиналық интеллигенция арасында ұлттық жандану және әлеуметтік әділет идеялары пайда болды. Поэт Тарас Шевченко мен саясаттанушы Михаил Драгоманов ұлтшылдықтың басты тұлғалары болды. Аустриялық Галицияда осы қозғалысқа қарсы аса көп нәрсе жасалмаса, Украинаның ресейлік бөлігінде (кейде «Малороссия», «Кішіресей», я «оңтүстік Ресей» деп аталған) оған қарсы көп қысым көрсетілді, тіпті 1876 жылы украин тілінде іс жүзінде барлық кітаптарға тыйым салынды.

Киев, Одесса мен жақында шахта ашқан Донецк сияқты ірі қалаларды санамағанда Украинаның көпшілігі тек ауыл шаруашылығы мен табиғи ресурс алумен айналысты. Аустрия құрамында болған Галиция аймағындағы ахуал өте нашар болды, кедейлік пен аштықтан қашқан украиндар ел сыртына қоныс аударуға мәжбүр болды, сол себептен Канада, АҚШ пен Бразилия сияқты елдерде ірі украиндық диаспора пайда болды. Кейбір украиндар шығысқа қарай да қоныс аударды, 1897 жылғы санақ бойынша Сібірде 223,000 этникалық украин болды, Орталық Азияда бұл көрсеткіш 102,000-ға жетті. Оған қоса Сібір темір жолының құрылысынан кейін аумаққа 1.6 миллион украиндық қоныс аударды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен Украина күйзеліске ұшырады, елдегі шайқастар 1921 жылы ғана аяқталды. Бастапқыда украиндар Аустрия-Мажарстан арасында екіге бөлініп, Орталық державалар үшін соғысып еді, алайда басым көпшілігі Императорлық Ресей армиясында қызмет етіп, Антантаның бір бөлігі болды. Ресей империясы ыдырағаннан кейін қақтығыс Украинаның тәуелсіздік соғысына айналды, украиндар қызыл, ақ, қара және жасыл армиялармен бірге немесе оларға қарсы соғысты.

Тәуелсіз ел құру жоспарымен 1917 жылы Михаил Грушевский солшыл Украина Халық Республикасын құрды, алайда бұл жылдар бытыраңқылыққа толы болды да, әскери төңкеріс нәтижесінде билікке Павел Скоропадский келді де, елді антибольшевистік Украина державасына айналдырды. Алайда бұл мемлекет те сәтсіз болды да, оның «өмірі» тек бір жылға ғана созылды. Осы жылдар украин халқы үшін бытыраңқылыққа толы еді. Танылмай кеткен түрлі мемлекеттер, соның ішінде Холодный Яр Республикасы мен Махновщина сияқтылар, құрылды, көп ұзамай ыдырады.

Қақтығыстың нәтижесінде Екінші Поляк Республикасы жартылай жеңіске жетті де, Украинаның батыс жерлерін аннексиялады. Ең үлкен жеңіске қол жеткізе алған КСРО болды, ол ақыры қалған украин жерінде Украин Кеңестік Социалистік Республикасын құрды. Қазіргі Буковина аумағын Румыния корольдігі жаулады, Закарпатье Чехословакияға автономия ретінде берілді.

Ресейдегі азамат соғысының бөлігі болған Украина жері үшін қақтығыстар бүкіл бұрынғы Ресей империясын, соның ішінде шығыс және орталық Украинаны қиратты. Соғыс кезінде бұрынғы Ресей империясының аумағында 1,5 миллионнан астам адам қаза тауып, жүздеген мың адам баспанасыз қалды. Оған қоса Шығыс облыстар 1921 жылы орын алған ашаршылықтан да зардап шекті.

Соғыстар арасындағы Кеңестік Украина