Сцинтилляциялық радиометр— геологиялық зерттеулерде радиоактивті сәулелер өрісін саралау мақсатында қолданылатын аспап. Сәуле қабылдағыш ретінде бейнеэлектронды көбейткішпен орайластырылған спинтилляциялаушы дене қолданылады. Гамма-сәулелерді тіркеуде әдетте бұл дене рөлін таллиймен қанықтырылған йодты натрий монокристалы атқарады, ал бета-сәулелерді зерттеу барысында көбінесе сцинтилляциялаушы пластмасса пайдаланылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология. А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Дереккөздер
Санат:Радиометрия