Кианит , дистен () — силикаттар класына жататын минерал. Химиялық формуласы: Аl2[SіO4]O. Сингониясы триклиндік, кристалдары баған, тақта тәрізді. Түсі — көгілдір, кок, кейде жасыл, сары, түссіз, қара, жылтырлығы — шыныдай, қаттылығы (010),(110) жақтарында — 7, (100)—4.5, жіктілігі жетілген, меншікті салмағы — 3,56-3,68. К. аймактық метаморфизмде жоғары қысымда алюминийі көп тау жынысытарда пайда болады. Кианитті тау жынысытар —алюминийдің кені. Синонимі: дистен.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

Оптикалық екі осьті, солақай, 2u = 80°, бояуы қанық болғанда плеохроизмы күшті, Ng=1,728, Nm = 1,722; Np = 1,713—1,717.

Жаратылысы. Кианит — метаморфизмның терең зоналарындағы тығыз тастардың және бірсыпыра пегматиттік желілердің негізгі минералы. КСРО-да дистеннін бірсыпыра ірі кендері белгілі. Оның химилық қатты минерал ретіндегі шашыранды түрлері құмтастарда көп кездеседі.

Кианит — отқа және қышқылға төзімді бұйымдар үшін бағалы материал. Оның мөлдір түрлері зергер бұйымдарын жасау үшін қолданылады.Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69

Дереккөздер

Санат:Силикат минералдар Санат:Алюминий минералдары