thumb|right|200px| Бокль Генри Томас (24.11.1821, Лондон - 29.05.1862, Дамаск) - ағылшын тарихшысы.

Оның негізгі еңбегі «Ағылшын өркениетінің тарихы» 1861 ж. орыс тіліне аударылған. Семей облыстық кітапханасындағы данасын Абайдың оқығаны туралы А. А. Леонтьевтың американ жазушысы Дж. Кеннанға айтқан әңгімесінен белгілі. Бокльдің «Ағылшын өркениетінің тарихы» атты монографиясы 19-ғасырдың 2-жартысында зиялы қауымның ортасында ерекше ықылас аударды. Ондағы ағылшын қоғамының дамуы мен отарлау жүйесінің қалыптасуы, оның тарихи себептері, ғылым мен техникалық орны, өндірістік қарым-қатынастар мен танымдық көзқарас туралы пікірлері барынша пайымды тұжырым ретінде бағаланды. Абай бұл кітапты оқып, орыс достарымен пікір бөліскен, өзінің «Қара сөзінде» Бокльдің индукция мен дедукция туралы ойын баяндап берген. Әуезов Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған мақалалары мен монографияларында Джон Кеннанның, А. Леонтьевтің, Көкбай мен Тұрағұлдың пікірлеріне сүйене отырып, Бокльдің зерттеуімен Абайдың таныс болғанын үнемі ескертіп отырады. «Абай жолы» роман-эпопеясында да Бокльдің қоғам туралы пікірін Абайдың сөзімен жеткізген.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8

Дереккөздер

Абай Санат:24 қарашада туғандар Санат:1821 жылы туғандар Санат:Лондонда туғандар Санат:Кентте туғандар Санат:29 мамырда қайтыс болғандар Санат:1862 жылы қайтыс болғандар Санат:Дамаскіде қайтыс болғандар Санат:Ұлыбритания тарихшылары Санат:XIX ғасыр тарихшылары Санат:Ұлыбритания шахматшылары Санат:Афористер