Шар бөгені — Абай облысы Жарма ауданының жеріндегі бөген. Шар өзенінің бойында. 1977 жылы пайдалануға берілген.
Гидрологиялық сипаты Ауданы – 11,9 км2, ұзындығы – 6,5 км, ені – 2,5 км, ең терең жері – 23,3 м, сыйымдылығы – 80,0 млн. м3, су жинау алабы – 1900 км2, жағасының ұзындығы – 21,6 км. Негізінен етті-сүтті ірі қара мен қой өсіруші аудан шаруашылықтарының 29,5 мың га егістігі мен шабындығын суаруға пайдаланылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Дереккөздер
Санат:Абай облысы гидрографиясы