Су аномалиясыҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2(грекше аnomalia- ауытқу) — судың физикалық қасиеттері жағынан басқа минералдарға қарағанда өзгеше болуы, ауытқуы. Су аномалиясының ең бастылары: судың ең үлкен тығыздығы +3,98°С-та байқалады, одан әрі қарай суытса тығыздығы азайып, мұзға айналады; мұз ерігенде көлемі ұлғаю орнына, кішірейеді; сутектің оттектің кіші топтары элементтерімен қоспасының ұшпалылығы ауыр элементтерден жеңіл элементтерге ауысқанда артып отырса да, судың ұшпалылығының ең аз болуы; қатқан судың еру жылылығы мен меншікті жылусыйымдылығы басқа заттарға қарағанда аномал жоғары болады, мұз ерігенде жылусыйымдылық екі еседен артық өседі; судың жылусыйымдылығы температурасын +27°С-қа дейін көтергенде азаяды, ал содан кейін, қайтадан өсе бастайды; судың тұтқырлығы (t = 0 - 30°С) қысым артқан сайын азая түседі.

Дереккөздер

Санат:Геология