Өзен суының тартылуы () — түсетін жауын-шашынның мөлшері азайып, оның сүзілу мен булануға көп жұмсалатын кезінде өзен арнасындағы ағыстың жойылуы.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.

Өзен суының тартылуы — бұл өзендегі су көлемінің табиғи немесе антропогендік себептермен азаюы, оның ағысы мен деңгейінің төмендеуі.Бейсенова Ә.С. Қазақстанның физикалық географиясы — Алматы, 2014. – 539 б. ISBN 978‑601‑217‑469‑4.

Себептері Табиғи себептер Құрғақшылық немесе жауын-шашынның аз болуы, жер асты сулары деңгейінің төмендеуі, сондай-ақ жоғары температура, жел және күн сәулесінің әсерінен судың булануы.

Антропогендік себептері Су алу (магистральдық каналдар, ирригация, су электр станциялары), су тасымалы мен бөгеттер салу, сондай-ақ өзен арналарын тарылту немесе бөгеп қою.

Тағы қараңыз Өзен; Өзен алабы; Өзен аңғары; Өзен жүйесі; Өзен бастауы; Өзен сағасы; Өзен еңістігі; Өзен желісі; Өзен жүйесі; Өзен иректілігі; Өзен ирелеңі; Өзен көлігі; Өзен эрозиясы; Өзендердің бөлінуі; Өзендердің қоректенуі; Өзенді ілестіру; Өзеннің бас жары; Өзен жайылмасы; Өзен аралығы.

Дереккөздер

Санат:Су шаруашылығы