Махмұдмолда Ғабитханұлы (1870-1927)-Абай ауылының молдасы, ақын мұрасын жинастырушы. Кішкене молданың баласы Махмұдмолда Құнанбай қажы мен Абай салдырған медреседе сауатын ашып, білім алған. Абай ортасының енеге тәрбиесін көп көрген.

Кейін есейе келе Абайдың қыстауы Жидебайдан 3-4 шақырым жерде мешіт, медресе салдырып, бала оқытып, имам болған. Абай шығармаларын алғаш жинастырушы Кәкітай Ысқақұлы Махмұдмолдаға Абай өлеңдерін көптеп кешіріп, ел арасына таратып-насихаттауды тапсырып, қолда бар біраз өлең, дастандарын, аударма мұраларын берген.

Абайтанушы Әрхам Кәкітайұлының айтуынша 1905 ж. Кәкітай Махмұдмолда ауылына барып, ақынның М. Ю. Лермонтовтан аударған «Вадим» дастанының түпнұсқасын алып қайтқан (толық емес). Мүрсейіт БікеҰлы 1905, 1907 және 1910 ж. қайта көшірген «Вадим» дастанының Абай аударған алғашқы 2-тарауы мен 3-тарауының біраз бөлігі бізге осылайша сақталып жеткен.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Дереккөздер

Санат:1870 жылы туғандар Санат:1927 жылы қайтыс болғандар Санат:Абай Құнанбайұлы жобасының мақалалары