Эстония (), ресми атауы — Эстония Республикасы () — Шығыс Еуропаның солтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Балтық теңізінің Фин және Рига шығанақтарының суларымен қоршалып жатыр. Эстонияның құрамына 1500-ден астам (оның ішінде Моонзунд архипелагы да бар) арал кіреді. Аумағы 45,1 мың км2, халқы 1,32 млн. (2021), оның 63,9%-ы – эстондар, 29%-ы – орыстар, 2,7%-ы – украиндар, 1,6% – беларусьтар, 1%-ы – финндер, т.б. Дінге сенушілердің басым бөлігін лютерандар құрайды, православтарда бар. Халқының 70%-ы қалаларда тұрады, неғұрлым ірі қалалары: Таллин, Тарту, Нарва, Кохтла-Ярве, Пярну. Астанасы – Таллин.Ресми тілі – эстон тілі. Әкімшілік-аумақтық жағынан 15 уезден (маакондтан) және орталық бағыныстағы 6 қаладан құралады. Конституция бойынша мемлекет басшысы президент, ал жоғары заң шығарушы органы – Рийгикогу (бір палаталы парламент). Ұлттық мерекесі –24 ақпан Эстонияның тәуелсіздік күні (1918). Эстония БҰҰ-ның (1991), Еур. Кеңестің (1993), Еуроодақтың (2004) мүшесі. Ресми валютасы– еуро.
Табиғаты Эстония аумағы Шығыс Еуропа жазығының солтүстік-батыс бөлігіне орналасқан. Эстония жағалаулары әсіресе батысында және солтүстік-батысында қатты тілімденген. Көптеген шығанақтары мен қойнаулары (Таллин қойнауы, Хара, Колга, Лахепере, Матсалу, Пярну, т.б. шығанақтары) бар. Батыс жағалаулары – ойпатты, солтүстік жағалаулары тік жарлы. Ең ірі аралдары: Сааремаа, Хийумаа, Муху, Ворсми, т.б. Жерінің басым бөлігі ойпатты жазық (орташа биіктігі 50 м-дей). Эстония ның батыс бөлігі мен Батыс Эстон топаралында, сондай-ақ қиыр шығысында ойпатты жерлер басым, Батыс Эстон жазығында шымтезекті батпақтар көп. Солтүстік және орт. бөлігін биіктігі 166 м-ге дейінгі (Пандивере биіктігі) толқынды ойпат алып жатыр. Выртсъярв көлінен оңтүстік-шығысқа қарай аумағының неғұрлым көтеріңкі жерлері – Отепя биіктігі (217 м-ге дейін) мен Хаанья (биіктігі 318 м), батысқа қарай Сакала биіктігі (145 м-ге дейін) жатыр. Биіктіктер негізінен түпкі жыныстардан (әктастар, құмтастар) қалыптасып, мұздану шөгінділерімен жабылған. Солтүстік және орт. бөлігінде мореналық шөгінділер басым. Эстония аумағы Шығыс Еуропа платформасының солтүстік-батыс бөлігінде, Балтық қалқанының оңтүстік беткейі мен Балтық синеклизасының солтүстік беткейінде орналасқан. 110 м (солт-нде) – 600 м (оңтүстік-батысында) тереңдікте жатқан платформаның кристалданған іргетасы күшті шоғырланған архейлік және протерезойлық гнейстерден, мигматиттерден, кристаллды тақтатастардан, кварциттер мен граниттерден қалыптасқан. Негізгі кен байлықтары – жанғыш тақтатастар, фосфорит, шымтезек, мұнай, янтарь, құрылыс материалдары. Климаты теңіздіктен континентікке қарай ауыспалы. Жағалауларындағы аудандарда климат неғұрлым жұмсақ; шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттарда оның континенттігі артады. Ақпандағы орташа температура –6°C, шілдеде 17°C-қа тең. Эстонияда ұзындығы 10 км-ден асатын 420 өзен бар. Неғұрлым маңызды өзендері: Пярну, Эмайыги, Нарва-Казари. 1000-нан аса көл мен су қоймалары бар (бүкіл ел аумағының 4,8%-ы). Ең ірілері; Пейпси, Выртсъярв, Суурлахт. Топырағы негізінен қыртысты-күлденген, қыртысты-карбонатты, батпақтанған. Аумағының 50%-дан астамы батпақтанған және батпақты топырақтар. Эстония аралас ормандар аймағында орналасқан, ел аумағының 50%-на жуығын ормандар алып жатыр. Ормандарының басым бөлігі – қылқан жапырақты (қарағай, шырша) ағаштардан тұрады. Эстонияның жануарлар дүниесі үшін тайгалық және жалпақ жапырақты ормандардың, сондай-ақ теңіз жағалауы фаунасының өкілдері тән. Сүт қоректілерден бұлан, елік, жабайы шошқа, қоян, ақ қоян, қасқыр, түлкі; құстардан – құр, шіл, сандуғаш, т.б. мекендейді. Теңіз жағалауын мекендейтін жыл құстары көп. Негізгі қорықтары – Вийдумяэ, Вильсанди, Маатсалу, Нигула. Лахемаас ұлттық саябағы ұйымдастырылған.
Тарихы Қазіргі заманғы Эстония аумағын адамдар мезолит кезінде (б.з.б. 8 – 4 мыңжылдық) қоныстанған. Б.з.б. 3-мыңжылдықтан бастап Эстония аумағына финн-угор тайпалары келіп орналаса бастады. Б.з.б. 3-мыңжылдықтың соңында Эстонияның аумағына балтық тайпаларының арғы ата-бабалары келді. Олар мал ш-мен және егіншілікпен айналысты. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасында балтық бойы – финн тайпаларының (эсттер мен ливтер) қалыптасып, күшеюі болып өтті. Шаруашылықтың басты саласы – мал шаруашылығы, б.з. алғашқы ғасырларынан бастап – егіншілік болды. 11 ғ-дан бастап қара бидай өсіріле бастады. Тоқымашылық, ұсталық ісі мен қыш ыдыстар жасау дамыды. Құрғақтағы жолдармен, теңізбен жүргізілген сауданың көлемі артты. Сауда орталықтары мен айлақтары: Таллин, Тарту (Юрьев), т.б. пайда болды. Ежелгі тайпалардың аумақтық бірлестіктері – кихелькондтар мен олардың одағы – маакондтар (жерлер) қалыптасты. Эстон халқының қалыптасуы басталды. Скандинавиялық деректерде викингтердің 1-мыңжылдықтың соңы – 2-мыңжылдықтың бас кезінде Эстонияның жағалауларына, ал 11 ғ-дан бастап эсттердің Дания мен Швецияға жорық жасағаны айтылады. 13 ғ-дан бастап Эстония бастапқыда неміс, кейіннен дат басқыншыларының нысанына айналды. 13 ғ-дың 2-жартысы – 16 ғ-дың ортасында Эстония аумағын неміс кресшілері жаулап алып, Ливонияның құрамына қосты. 16 ғ-дың соңында Эстонияны Швеция (солтүстік), Речь Посполита (оңтүстік) мен Дания (Сааремаа аралы) өзара бөлісті. 17 ғ-дың ортасына қарай Эстонияның бүкіл аумағы шведтердің қол астына өтті. Шведтер мен орыстар арасында болған солтүстік соғыстан кейін Ништадт бітімі бойынша 1721 жылы Эстония Ресейдің құрамына өтті. 19 ғ-дан бастап Эстонияда капит. қатынастар жедел дамыды. Ұлттық буржуазия күшейіп, Ресей өкіметіне әр түрлі саяси талаптар қоя бастады. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін эстондар өз мемлекетін құра бастады. 1917 жылы қазан айының соңында елде кеңес өкіметі орнағанымен көп ұзамай ішкі және сыртқы күштердің қысымымен құлатылды. 1919 жылы 19 мамырда Құрылтай жиналысы Эстон республикасының құрылғанын жариялады. 1934 жылы наурызда Эстонияда мемл. төңкеріс жасалып, диктатура орнатылды. Парламент таратылып, барлық саяси партияларға тыйым салынды. 1939 жылы тамыз – қыркүйек айларында болған кеңес-герман келісімшартынан кейін 1940 жылы шілдеде Эстонияға кеңес әскерлері енгізіліп, Эстон КСР-і құрылды (1940 жылдың 6-тамызынан КСРО-ның құрамында). Эстондықтардың бір бөлігі КСРО-ның ішкі аудандарына, негізінен Сібірге күшпен жер аударылды. 1941 жылы желтоқсанда Эстон КСР-інің аумағын неміс әскерлері басып алды, 1944 жылы Эстонияны Қызыл Армия Кеңес Одағына қайтарып алды. 1990 жылдан Эстония Республикасы деп аталады. 1991 жылы республиканың тәуелсіздігі жарияланды (КСРО Эстонияның тәуелсіздігін 1991 жылы қырқүйекте таныды). Тәуелсіздік алған күннен бастап Эстония өзінің сыртқы саясатын Батыс Еуропаға қарай бағыттады. Ел экономикасы жедел түрде нарықтық қатынастарға көшіріліп, 2004 жылы Эстония Еуропалық Одаққа толық мүше болды.
Экономикасы Посткеңестік елдердің ішінде Эстония ең дамыған елдердің бірі. Жан басына шаққандағы ЖІӨ (номиналды) бойынша – 27 962 доллар (Словениядан кейінгі 2 орын, 2021 ж.). Жан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша – $42 637 (Чехия мен Словениядан кейінгі 3-орын, 2021 ж.).
Эстониядағы орташа жалақы 2022 жылдың қыркүйегінде 1 701 еуро болды. 2022 жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша Эстония әлемдегі барлық посткоммунистік елдердің ең жоғары таза орташа көрсеткішіне ие болды (1 494,97 €); 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – Словениядан кейінгі екінші таза ең төменгі жалақы (878,48 €, Эстонияда – 689,92 €). Эстониядағы орташа жалақыhttps://www.stat.ee/et/avasta-statistikat/valdkonnad/tooelu/palk-ja-toojoukulu/keskmine-brutokuupalk (брутто) 2022 жылдың желтоқсанында 1901 € және (салықтарды төлегеннен кейін таза) 1494,97 € болды. Эстониядағы ең төменгі жалпы жалақы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 725 €, ең төменгі таза жалақы 689,92 €.https://www.err.ee/1608706237/ametiuhingud-ja-tooandjad-leppisid-kokku-miinimumpalga-tousu-725-euroni
Соғыстан кейінгі деңгей Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі экономикалық қызметтің маңызды бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы болды, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдері де экспортта айтарлықтай үлесті құрады. Материалды және еңбекті көп қажет ететін энергетика, азаматтық теңіз кемелері және машина жасау дамыды.
Эстония (басқа Балтық елдері сияқты) нарықтық экономиканы құру үшін КСРО-да ең жақсы бастапқы жағдайларға ие болды. Мұнда ауқымды инновациялық әлеует жинақталған. 1970-1980 жылдары Балтық жағалауы елдері жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестиция көлемі бойынша КСРО-да көш бастады.
Тәуелсіздік кезеңі Тәуелсіздік алғаннан кейін Эстония экономикасы нарық талаптарына сай қайта құрылып, Батыс Еуропаға бағыт алды. 1992 жылы 20 маусымда Эстония кеңестік рубльдің орнына өзінің ұлттық валютасы – эстон кронын енгізді. Эстониялық крон неміс маркасына бекітілді (айырбас бағамы 8 кроннан 1 маркаға дейін). Ұлттық валютаның қабылдануы, егер елде шығарылған эстон кронының құнына баламалы шетел валютасының резерві болса, Эстония Банкі ақша шығара алатынын білдірді. 1999 жылы 1 қаңтарда эстон кроны еуроға бекітілді, өйткені Германия ортақ еуропалық валютаны қолдана бастады. 2011 жылдың 1 қаңтарында еуро кронды толығымен алмастырып, айналымға енді.https://www.publico.es/actualidad/estonia-entra-euro-otros-muestran.html
1991-1993 жылдардағы экономикалық қайта құрулардың сәттілігінде 285 миллион доллардан астам сыртқы көмек, несиелер мен несиелер, сондай-ақ Эстонияның соғысқа дейінгі мұздатылған республика қаражатынан 100 миллион доллардан астам алғаны оң рөл атқарды. елдердің КСРО-ға қосылуына байланысты 1940 жылы шетел банктерінде.
АДИ индикаторы бойынша БҰҰ 2000 жылға дейін елді «дамушы» елдер қатарына жатқызды, бұл кезде нарықтық экономиканың қалыптасуы орын алды.
1999 жылы Эстония Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді. Негізгі сауда серіктестері – Финляндия, Швеция, Германия және Ресей. Ең күрделі мәселе теріс сауда балансы болып қала береді. 2004 жылы Эстония Еуропалық Одаққа кірді.
Жан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ): $32 130 (2017).
2008 жылы орташа айлық жалақы 12 912 кронды (825 еуро) құрады, 2009 жылдың үшінші тоқсанында ол 11 770 кронды (752 еуро) құрады. 2013 жылдың екінші тоқсанында Эстониядағы орташа жалақы €976, 2020 жылдың желтоқсанында €1604 болды.
2000-2005 жылдар аралығында ЖІӨ 60%-ға өсті. Дегенмен, 2008 жылғы әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде ол 3,6%-ға төмендеді, ал 2009 жылдың үшінші тоқсанында ЖІӨ-нің төмендеуі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,6%-ды құрады. 2009 жылдың үшінші тоқсаны мен 2010 жылдың төртінші тоқсаны аралығында ЖІӨ тұрақты өсімі байқалды. 2010 жылдың төртінші тоқсанында нақты экспорт 53%-ға өсті. 2010 жылы ЖІӨ өсімі 3,1%-ды құрады. Осылайша, 2010 жылы Эстония экономикасы дағдарыстан шықты.
Жұмыссыздық деңгейі 2001 жылғы 12%-дан 2007 жылғы 4,7%-ға дейін төмендеді, бірақ 2009 жылдың үшінші тоқсанында ол қазірдің өзінде 14,6%-ды құрады, ал 2010 жылдың бірінші тоқсанында ол 19,8%-ға өсті. 2011 жылғы 3 маусымдағы жағдай бойынша Эстонияда тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 8,7%-ына дейін төмендеді. Эстония статистикасының мәліметі бойынша, 2010 жылдың төртінші тоқсанында жұмыссыздардың жалпы саны 93 мыңға дейін қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 13,6%-ды құрады. Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі бойынша Эстония 2011 жылы ЕО-да 2-ші орынға ие болды.
2009 жылдың басында елде өнеркәсіп өндірісінің қарқынды құлдырауы байқалды. 2009 жылдың ақпанында ол 2008 жылдың ақпанымен салыстырғанда 30%-ды құрады, бұл ЕО-дағы ең үлкен құлдырау болды. Eurostat мәліметтері бойынша 2010 жылғы қыркүйекте Эстониядағы өнеркәсіп өндірісінің өсімі 2009 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 31,1%-ды құрады - осылайша Эстония сол кезде осы көрсеткіш бойынша Еуропалық Одақта 1-ші орынды иеленді. Эстония сонымен қатар ЕО елдерінің ішіндегі ең төмен мемлекеттік қарыз және бюджет тапшылығына ие және 2010 жылы ол бюджет тапшылығын қысқартқан ЕО-ның екі елінің бірі болды (екіншісі Мальта).
2010 жылғы 4 маусымда Таллинде ЕЭЫДҰ Бас хатшысы А.Гурриа мен Эстония Премьер-Министрі А.Ансип Эстонияның ұйымға қосылуы туралы келісімге қол қойды.