Изогамия ( isos - бірдей, біркелкі; gamos - неке, жыныс) - сыртқы түрі бірдей, бірақ физиологиялық және биохимиялық қасиеттері әртүрлі жыныс жасушалары (гаметалар) қатысатын жыныстық процестің түрі. Изогамия - балдырларға, төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға және қарапайымдыларға тән.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9 thumb|Изогамия түрлері: A) Қозғалмалы гаметалар изогамиясы, B) Қозғалмайтын гаметалар изогамиясы, C) конъюгация Осы үрдіс кезінде ағзадан арнайы бөлінген жалаңаш бишіктілер жыныс жасушаларына қосылады. Оған пішіні мен құрылысы ұқсас, бірақ биохимиялық және физиологиялық ерекшеліктері әртекті гаметалар жатады. Изогамия біржасушалы балдырлар мен төменгі сатылы саңырауқұлақтарда кең таралған.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Дереккөздер

Санат:Жыныстық көбею