Ғаламдық ауыл - [ағыл. global villageGlobal Village] - журналистикада, публицистикада қолданылатын, жер бетіндегі өмір сүретін барлық адамның ортақ тағдырмен байланыстылығын алға тартатын ауыспалы мағынадағы астарлы сөз. Әмбебап мәдени бейнелерді тарату, технологияны дамыту (бірінші кезекте, транспорттық, ақпараттық, коммуникациялық), әлемдік сауда және қаржы жүйелерін жетілдіру арқылы адамдарды шынайы ауыл тұрғындарына тән өзара байланысты, өзара тәуелді қалыпқа түсіріп, жүзеге асыруға болады деп есептейді.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

Тағы қараныз Журналистика Публицистика

Дереккөздер

Санат:Саясат Санат:Қоғам