Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев (4 шілде 1926, Петропавл - 16 қараша 2013, Алматы)Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8 — әйгілі опералық және камералық әнші (баритон), педагог, КСРО халық әртісі (1959), ҚазКСР халық әртісі (1956), профессор (1982), қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1986).

Өмірбаяны Керей тайпасның Тарышы руының Ақсары бөлімінен шыққан.Казахская политическая и интеллектуальная элита: клановая принадлежность и внутриэтническое соперничество – тема научной статьи по истории и историческим наукам читайте беспла... Әкесі - Бекмұхамед Хусайнұлы Серкебаев (1896-1976), педагог, жазушы, ақын, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы мүшелерінің бірі, білім беру саласында еңбек етті. Анасы - Зылиха Сабырқызы (1906—1997), бастауыш кластар мұғалімі болды. Ермек Серкебаев үшінші сыныптан бастап оқуын Алматыдағы № 54 мектепте оқиды. 1941—1943 ж. П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде скрипка сыныбы бойынша оқып, отбасының материалдық жағдайына байланысты үш жылдан кейін, оны тастап, Қазақстан радиосына дикторлыққа келеді, оған қоса киностудияның кейбір фильмдерінде осы тұрғыда қызмет атқарды.

Еңбек жолы мен жетістігі 1947 жылы Қазақ опера және балет театрына солисті болып кіреді. 1951 жылы Алматы консерваториясын профессор А.М.Кургановтың сыныбында тәмамдап, опера және балет театрына оралады. Студент кезінде Абай атындағы опера және балет театрының шығармашылық ұжымына қызмет істеген. Консерваторияны бітірер жылы Абай рөлін орындайды. 1973 жылы Алматы консерваториясының жеке дауыста ән айту кафедрасының оқытушысы болған. 1982 жылы профессор атанады. 50 астам шетел мемлекеттерінде (Румыния, Пәкістан, Франция, Үндістан, Қытай, Бельгия, Куба, Швейцария, Швеция, Финляндия, т.б.) өнер көрсетті. 7-шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 8-11-шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

Репертуары Орыс және шетелдік, сонымен қатар советтік классикалық опералардың негізгі партиялары: Қожағұл, Амангелді (М. Төлебаев, «Біржан мен Сара»; М.Төлебаев және Е.Брусиловский, «Амангелді»); Абай, Серке (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, "Абай"; С.Мұхамеджанов, "Айсұлу"); Тарғын, Артем (Е.Брусиловский, "Ер Тарғын", "Дударай"); Онегин, Елецкий (П.Чайковский, "Евгений Онегин", "Пиковая дама"); Петруччио (В.Шебалин, "Укрощение строптивой"); Фигаро (Дж.Россини, "Севильский цирюльник"); Валентин ("Фауст"); қазақтың халық әндері, орыс және шет ел композиторларының шығармалары.

Кинодағы рөлдері 1957 - режиссер Ш.Айманов: "Біздің сүйікті дәрігер" - Тәкен 1959 - КСРО, Орталық телевидение: музыкалық фильм "В этот праздничный вечер" 1961 - режиссер Ш.Айманов: "Ән шақырады" - Досай Нұрланов 1968 - режиссер Ш.Айманов: "Тақиялы періште" - Шыңғыс 1976 - "Медеудегі кездесу"

Марапаттары Вокалистер конкурсының (Будапешт) лауреаты (1953) ҚазКСР халық әртісі (1956) КСРО халық әртісі (1959) ҚазКСР К.Байсейітова атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері (1972) КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1977) Октябрь Революциясы ордені (1984) 2 мәрте Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1986) Петропавл қаласының Құрметті азаматы (1990) "Музыка" номинациясы бойынша "Тарлан" сыйлығының лауреаты (2000) "Жыл адамы" фестивалінің жеңімпазы (2011)Күзембаев С. Воспеть прекрасное. Алма-Ата, 1982.Кожиров Б. "Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары" 2010г.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Серкебаев Ермек Баймуханбетович// Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области

Санат:4 шілдеде туғандар Санат:Петропавлда туғандар Санат:16 қарашада қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:КСРО әншілері Санат:Қазақстан әншілері Санат:XX ғасыр әншілері Санат:КСРО опера әншілері Санат:Қазақстан опера әншілері Санат:XX ғасыр опера әншілері Санат:КСРО актерлері Санат:Қазақстан актерлері Санат:XX ғасыр актерлері Санат:КСРО музыка педагогтары Санат:Қазақстан музыка педагогтары Санат:XX ғасыр музыка педагогтары Санат:Қазақстан халық әртістері Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Отан орденінің иегерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:КСРО халық әртістері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:КСРО академиялық музыканттары Санат:Қазақстан академиялық музыканттары Санат:Баритондар Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:Петропавлдың құрметті азаматтары Санат:Кеңсай зиратында жерленгендер Санат:Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегерлері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессорлары Санат:Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры әртістері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары