Богушевич Францишек Казимирович (1840- 1900), беларусь ақыны. Реалистік бағытта жазылған жыр жинақтарында ауыр езгіде жүрген беларусь шаруаларының ауыр тұрмысы, әлеуметтік теңсіздік, саяси бостандық, жақсы өмірді аңсау тақырыптары шебер жырланады. Әуезов «КСРО халықтары әдебиеттерінің өркендеуі» атты мақаласында Богушевичтің «Беларусь сырнайын» айрықша талқылауды, революцияшыл-демократ ақынның өмірі мен еңбегін зерттеуді ұсынады.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8 Дереккөздер

Санат:1840 жылы туғандар Санат:1900 жылы қайтыс болғандар Санат:Беларустар Санат:Беларусь ақындары