Дистанциялық аспаптар ( — қашықтық) - байқаушыдан алшақ тұрған метеорологиялық элементтерді өлшейтін аспаптар.

Бұлардың түрлері: 1) қабылдағыш бөліктері шалғай орналасқан механикалық, электрлік немесе радиолық хабаршысы бар жазатын бөліктерімен байланысқан өзі жазатын аспаптар; 2) көрсеткіштер бойынша көзбен есептейтін аспаптар; мұндайда олардың қабылдағыш бөліктері механикалық немесе электрлік хабаршының көрсеткіштерімен байланысқан; 3) радио (радиозонд, радиометеорологиялық қондырғы) арқылы қабылдап сигнал беретін аспаптар; 4) көрсеткіштерді тіркейтін аспаптар (мысалы, аудармалы термометр).Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мекгеп" баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

Дереккөздер

Санат:География және геодезия