«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы — дарынды жастардың ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметін және жоғары спорттық жетістіктерін мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын берілетін сыйлық.
Беру тәртібі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 271-НҚ бұйрығымен бекітілген «„Дарын“ мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларымен» айқындалады (қысқаша — Қағидалар). Кейінгі өзгерістер 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 366-НҚ және 2025 жылғы 13 маусымдағы № 275-НҚ бұйрықтарымен енгізілген.
Сыйлыққа ие болған адамдарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы тапсырылады. Ақшалай сыйақы мөлшері уәкілетті орган тиісті қаржы жылының бюджеті шегінде жыл сайын белгілейді. Әр жылдары осы сыйлықтың иегері болып әртүрлі салалардағы 320-дан астам жас дарынды адамдар танылды.
Тарихы 1992 жыл Ол 1992 жылы бастап, жемiстi ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын бекітілген номинациялар бойынша беріліп келедіСаяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3.
1996 жыл Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы Ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 тамыздағы N 983 қаулысымен бекiтiлді. Бұл ережеге сәйкес Сыйлық (саны 10): ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет атаулары бойынша екі жылда бір рет беріледі. Сыйлық беруге қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті саланы және тұтастай алғанда қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар ұсынылады. Бiр кандидатураны сыйлыққа қайта ұсынуға болмайды. Бiр кандидатураны бiр саладан артық сыйлыққа ұсынуға болмайды. Сыйлық алу конкурсына қатысушы кандидаттардың қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында талқылануы керек. Талқылау материалдары Комиссияға жiберiледi. Сыйлықтар салтанатты жағдайда тапсырылады, наградтау рәсiмi Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк Күнiне орайластырылады.
2002 жыл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 қыркүйек N 1038 қаулысына сәйкес "қоғамдық, кәсіби жағынан танылған" деген сөздер алынып орнына "Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі." деп өзгертілді. "Ғылым" атауы бойынша үміткерлерге міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы қосымша беріледі." деген қағида қосылды. Одан басқа конкурсқа қатысатын "жұмыс" термині "кандидатура" терминімен ауыстырылды.
2015 жыл 2015 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысымен "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары бекітілді. Сыйлық екі жылда бір реттен, жыл сайын берілетін сыйлық ретінде толықтырылды. Бір номинация бойынша екі кандидатқа берілуі енгізілді. Өтінімдер қабылдау аяқталған кезде 29 жасқа дейінгі, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар сыйлық алуға үміткер болады.
Сыйлық 6 секция бойынша беріледі: "Эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы", "Әдебиет, театр және кино", "Журналистика және қоғамдық қызмет", "Спорт", "Дизайн және бейнелеу өнері", "Ғылым".
Лауреаттар
1998 жыл
Ғылым: Әлтаев Аманжол Дүйсенбайұлы, Жақып Бауыржан Өміржанұлы, Қожағұлов Тоққожа Мұқажанұлы авторлар ұжымы: Әбен Ерлан Мүбәракұлы; Спанов Мағбат Уарысбекұлы; Арын Ризат Сансызбайқызы; Машан Мейіржан Серікұлы Журналистика: Қосылбеков Дидар Амантайұлы, Садықов Махат Кәбірұлы Әдебиет: Тазабеков Мұхамеджан Оразбайұлы
Спорт: Байсейітов Бахтияр Бағашарұлы, Сәдуақасов Дәрмен Қанатұлы Классикалық музыка: Ефременко Алексей Павлович, Қосанова Айгүл Шоданқызы Театр және кино (би/балет қоса): Қауықов Сержан Тоқтарбайұлы
2000 жыл
Бейнелеу өнері: Әжібекұлы Қазақбай Эстрада: Болман Қыдырәлі Классикалық музыка: Жүсіпов Берік, Сұлтанов Дамир Спорт: Ыбырайымов Ермахан, Сивоконь Алексей, Шишигина Ольга Ғылым: Қамзабекұлы Дихан, Шәріп Амантай Әдебиет: Кемелбаева Айгүл, Мүсіреп Ғабит, Смағұлова Гүлзат, Ыбыраев Маралтай Журналистика: Курепин Федор, Қосылбеков Дидар, Садықов Махат Театр: Филинкова Елена Әртүрлі номинациялар: Қауықов Сержан, Қожағұлов Тоққожа, Қосанова Айгүл, Ефременко Алексей, Жақып Бауыржан
2004 жыл
«Дизайн және бейнелеу өнері»: Қилыбаев Нұрлан Аталықұлы «Театр және кино»: Тұрыс Бекжан Асаубайұлы «Әдебиет»: Жүніс-Бек Марат «Журналистика»: Есенбекова Ұлбосын Мейірбекқызы «Эстрада»: Еңсепов Асылбек Жасаралұлы, Жорабаева Алтынай Құлажанқызы, Қорған Бейбіт Болатұлы «Эстрада» (авторлық ұжым): «Ұлытау», Әлімбетов Ержан Есіркепұлы, Кичигин Максим Сергеевич, Сәдуақасова Нұрғайша Ақылбекқызы «Эстрада» (авторлық ұжым): «Саз отау», Ахмедияров Ғалым Алғиұлы, Ахмедиярова Эльмира Құдайбергенқызы «Классикалық музыка»: Әбілханов Бағдат Аябекұлы, Мызюк Наталья Ивановна «Халық шығармашылығы»: Әбдуәлиев Ақан Жылқышбайұлы, Кап Дәулеткерей, Қосымбаев Мэлс Әзиұлы «Спорт»: Артаев Бахтияр Кәріполлаұлы «Ғылым»: Оразбаева Алтайы Иранбекқызы «Қоғамдық қызмет»: Баймұханов Нұрбол Болатұлы
2006 жыл
«Эстрада»: Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының «Бәйтерек» тобы — Камиев Сайлау Ғалымжанұлы, Малаев Ерлан Әбуталипұлы, Өтеулов Нұркен Әшімқанұлы «Эстрада»: «Музарт» тобы («Қазақ әуендері» АҚ, «Қазақконцерт») — Бесбаев Мейрамбек Әбіләшімұлы, Жанәбілов Кенжебек Тұрсынбайұлы, Майғазиев Сәкен Қордабайұлы; әнші Серіков Тоқтар Қадырұлы
2008 жыл
«Театр және кино»: Әбдыхалықов Сәбит, Есдәулетов Рүстем «Журналистика»: Төлепбергенов Болатбек «Әдебиет»: Аязбекова Жәмилә, Қыдыралиев Дархан «Ғылым»: Малдыбаева Раушан, Өтеғұлов Арман «Қоғамдық қызмет»: Өтешев Нұрлан, Бегентаев Мейрам «Эстрада»: Таңатаров Досымжан «Классикалық музыка»: Әбдінұров Әліби «Халық шығармашылығы»: Тұрсынбаева Айнұр, Шойбеков Бекарыс «Дизайн және бейнелеу өнері»: Жамхан Айдар, Мұқанов Мәлік, Шәкерхан Жанар «Спорт»: Сәрсекбаев Бақыт
2010 жыл
«Театр және кино»: Жұмабаева Жанар Жеңісқызы, Қарабалина Назгүл Адиетқызы, Садырбаев Жандарбек Алайдарұлы «Журналистика»: Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы, Кертаев Ринат Думанұлы, Құрманғали Берік Уәлиұлы «Әдебиет»: Әшірбаев Бекжан Төребекұлы, Елгезек Ақберен Елгезекұлы, Темірбай Алмас Қажыбайұлы «Ғылым»: Здоровец Максим Владимирович «Қоғамдық қызмет»: Сыдықов Нұрлан Ерболатұлы, Төлегенова Жанна Викторовна «Эстрада»: Құдайбергенов Ерболат Қанатұлы «Классикалық музыка»: Жылтыркөзов Азамат Қайратұлы «Халық шығармашылығы»: Мықтыбаев Батыржан Қайырғалиұлы, Сауранбаев Мұрагер Амангелдіұлы «Дизайн және бейнелеу өнері»: Бексұлтан Елдос Елмұратұлы, Өмірзақ Гүлназым «Спорт»: Тыналиев Нұрмахан Анарбекұлы, Шалыгина Елена Евгеньевна
2012 жыл
«Театр және кино»: Әбелдинов Адай Құнанбайұлы, Шынтаев Мұхитдин Сламақынұлы «Журналистика»: Байырбек Нәзира Сайлауқызы, Ізбасова Гүлнәзия Әлімгерейқызы «Әдебиет»: Азамат Тасқараұлы, Сарин Қалқаман Айымғазыұлы «Спорт»: Сәпиев Серік Жұманғалиұлы «Эстрада»: Балапанов Нұрбол Саттарұлы «Классикалық музыка»: Ғабдуллина Жұпар Бақтыбекқызы «Халық шығармашылығы»: Тоқтамысова Сара Советханқызы «Дизайн және бейнелеу өнері»: Әсемқұл Бейбіт Серікқұлұлы, Қарымсақов Арнұр Жасабекұлы «Ғылым»: Қалиева Айнагүл Балғауқызы, Қаптағаев Олжас Кенесарыұлы «Қоғамдық қызмет»: Әбдуәлиев Әсет Қуандықұлы, Хаматдинова Алина Наильевна
2014 жыл
«Театр және кино»: Ахметов Әділ, Өміралиев Медғат «Журналистика»: Жақсыбай Рақат, Омаров Дәурен «Әдебиет»: Жүнісов Ерлан «Спорт»: Елеусінов Данияр «Эстрада»: «Жігіттер» тобы (Әбдірайымов Бағлан, Қанаев Ердос, Маханов Мырзахан, Тұрғамбек Айдар), Ескендір Ибрагим, Құдайберген Дінмұхаммед «Классикалық музыка»: Дүйсен Ордабек, Құрманаев Ермек «Халық шығармашылығы»: Жүдебаев Арман, Тұрымбетова Ақбота «Дизайн және бейнелеу өнері»: Әбжанова Анар, Тайшықова Дариға «Ғылым»: Табынов Қайсар, Темірханова Айнұр «Қоғамдық қызмет»: Жампейісов Думан, Глушковская Мария
2016 жыл
Әдебиет: Қасымов Олжас, Қыдырбай Манарбек Ғылым: Бөргеков Дарын, Жабағин Мақсат, Ескендіров Абылайхан, Козловский Артем, Тұрғымбаева Ақнұр Дизайн және бейнелеу өнері: Кемелбаева Әсел Журналистика: Құрманов Нұрсұлтан, Тен Ирина Классикалық музыка: Әбдісағин Рахат-Би, Жүсіпов Мақсат, Мәлік Азат Қоғамдық қызмет: Қоскелова Кәмшат, Паули Элина, Сүлейменов Олжас, Табылғанов Жандос Спорт: Баландин Дмитрий, Ниязымбетов Әділбек Театр және кино: Ерболат Жасұлан, Отарбаев Елдар, Төлепов Асылхан Эстрада: Айдарбеков Қайрат, Оқапов Әли Халық шығармашылығы: Бұлғақов Жандарбек, Мырзалиева Сәджана
2017 жыл
«Эстрада»: Ибрагимов Серік Жарылқасынұлы, Жүгүнісов Рүстем Ерболатұлы «Классикалық музыка»: Мұсахан Шернияз Ерұланұлы, Мудряк Мария Александровна «Халық шығармашылығы»: Әуезхан Сырым Асылханұлы, Сартай Дәулетхан «Әдебиет»: Мәлікова Динара Ерболқызы, Тоқтарбай Елдос Нүсіпұлы «Театр және кино»: Абдуллина Динара Жеңісқызы, Адамжан Бақтияр Бақытжанұлы «Спорт»: Тен Денис Юрьевич, Сәдуақасова Динара Рамазанқызы «Дизайн және бейнелеу өнері»: Асқар Нұрболат Талғатұлы, Халиев Берік Жұмағалиұлы «Журналистика»: Әбділов Әлібек Сағидоллаұлы, Мұхамеджан Ерболат Амангелдіұлы «Қоғамдық қызмет»: Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы, Қонысбаев Ілияс Лесұлы «Ғылым»: Ақылбеков Нұрғали Икрамұлы, Корольков Илья Владимирович, Шлимас Дмитрий Игоревич
2018 жыл
«Эстрада»:Рахым Қуандық Нұрғазыұлы, Садырбаев Ернар Бексұлтанұлы
«Классикалық музыка»: Жармағамбетов Расул Қайратұлы, Солтыханова Роза Алтынбекқызы
«Халық шығармашылығы»: Байтуов Біржан Қаниұлы, Тілепбергенов Абылай Жанболатұлы «Әдебиет»: Арықбаев Бағашар Тұрсынбайұлы, Қарт Мерей Мейіртайұлы «Театр және кино»: Бекболатова Әйгерiм Серікқанқызы, Молдағали Фархат Ерланұлы «Спорт»: Әбдраш Аян Әлжаппарұлы, Ералиев Қайрат Құттыбайұлы «Дизайн және бейнелеу өнері»: Жетпісәлиев Бауыржан Мұратұлы, Үсенбаев Дулат Болатұлы «Журналистика»: Беркінбаев Олжас Уәлиханұлы, Тойболова Салтанат Хайроллақызы «Қоғамдық қызмет»: Әлімқұлов Бекжан Мұхидинұлы, Жетпісбаев Нұржан Арғынұлы «Ғылым»: Ақышев Жігер Дастанұлы, Хасенов Мүслім Қанатұлы
2019 жыл
Эстрада: Әділхан Макин, Марат Айтымбай Классикалық музыка: Данара Мұсахан, Әзімбек Жамбаев Халық шығармашылығы: Мейірбек Сұлтанхан, Жарас Сатыбалдиев Әдебиет: Жадыра Байболанова, Бекзат Смағұлов Театр және кино: Аян Өтепберген, Алтынгүл Серкебаева Спорт: Элизабет Тұрсынбаева, Қамшыбек Қоңқабаев Дизайн және бейнелеу өнері: Айжан Жүзбай, Сырым Мүсіреп Журналистика: Мырзабек Түсіпов, Айбек Тасқалиев Қоғамдық қызмет: Нұрсұлтан Ибрагимов, Ілияс Түстікбаев Ғылым: Нұрлан Қанат, Ерасыл Ерланұлы
2020 жыл
Эстрада: Болсанбек Дәрия, Кенішқалиев Бексұлтан Классикалық музыка: Дүйсембаев Қалқаман, Мүсірғалиева Жібек Халық шығармашылығы: Қайрат Асқар, Түрікпен Күнсұлу Әдебиет: Шеризатов Арман Театр және кино: Серіков Әбілмансұр, Уалиуллин Жасқайрат Спорт: Ғалышева Юлия, Кенжеғалиев Жігер Дизайн және бейнелеу өнері: Абишев Ардақ, Тоқтасынова Ақбота Журналистика: Рауан Мыңбаев, Сартбаева Әсем Қоғамдық қызмет: Споткай Максим, Болысов Тоқтар Ғылым: Мұқатаев Жүсіпбек, Әшімова Әсем
2021 жыл
«Ғылым» номинациясы: Есиркегенов Нұрғиса Аманкелдіұлы. «Қоғамдық қызмет»: Сансызбайұлы Балмейір, Бахретдинов Валихан Қабимоллаұлы. «Журналистика»: Кеншілік Ғалымжан Бауыржанұлы, Тұлжан Ақбөбек Нұрбаулықызы. «Халық шығармашылығы»: Елеусіз Ардақ Тимурұлы, Олжабай Темірлан Мақсатұлы, Наурыз Ернат Нұрбергенұлы. «Классикалық музыка»: Әбілда Алтынбек Еркінбайұлы. «Театр және кино»: Танабаева Ақмарал Нұрайқызы, Қанатқызы Риза. «Спорт»: ауыр атлет Сон Игорь Сергеевич, дзюдошы Сметов Елдос Бақтыбайұлы. «Эстрада»: Байдүкенова Рұхия Еділқызы, Әлмадиев Әлібек Бекболатұлы. «Әдебиет»: Сәрсенхан Батырхан Бөріханұлы, Ахмер Біржан Ермекұлы.