thumb|Ферромагнетик — магнит моменттерінің реттелуі Ферромагнетиктер — ферромагниттік қасиеттері бар заттар тобы.

Ферромагнетиктерге, негізінен, темір тобының таза металдарының бір тобы (Fe, Со, Ni) және сирекжер металдар (Gd, Tb, Dy, Но, Ег), сондай-ақ олардың балқымалары мен қосылыстары; ферромагниттік емес элементтері бар Сr және Мn балқымалары мен қосылыстары жатады. Жұмсақ магнитті ферромагнетиктер магнитоөткізгіштерді, компьютер жады элементтерін, магниттік линзаларды жасауда қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6 Ферромагнетиктерге тек домендерден тұратын заттар ғана жатады. Барлық домендердің магнит өрістерінің бағыттары сыртқы өрістің бағытымен бағытталған кезде, ферромагнетик шегіне жете магниттеледі. Ферромагнетиктің мұндай күйі магниттік қанығу дет аталады. Әрбір жеке-дара доменнің шегіне жете қаныққандығын айта кетелік. Ферромагнеттік қасиеттер, электрондардың ядроларды айнала орбиталдық қозғалысымен қатар өз осінен де айналатындығы, яғни олардың "спин" деп аталып кеткен (ағылшынша, "шыркөбелек айналу") меншікті қозғалыс моменті болатындығы белгілі болған соң ғана түсінікті болды. Электрон зарядталған болғандықтан, оның меншікті магнит моменті де болуы тиіс. Атомдағы электрондардығ магнит моменттерінің тек қарама-қарсы екі бағыты ғана болуы мүмкін: параллель және антипараллель. Көп жағдайларда атомдағы электрондардың магнит моменттері қарама-қарсы қосақталған бағытта болады да, олардың магнит өрістері өтемеленген болады.

Дереккөздер

Санат:Магнетизм Санат:Электроника