Аймақтану - зерттеу нысаны аймақ немесе аудан болып табылатын пәндер мен бағыттардың, әдіснамалық тәсілдер мен әдістік шаралардың жиынтығы. Оған аудандау теориясы; әдістерді бірыңғайлаудың, лимитсіздендірудің, аудандар мен оларды қайта құрудың иерархиялық торларын жасаудың жиынтығы ретіндегі аудандау; нақты аймақтардың (аудан) қызмет етуі мен даму заңдылықтарын зерттейтін аймақнама (аудандау, регионика); нақты елдің аудандарын сипаттайтын елтанудың бөлігі ретіндегі аудантану; географиямен іргелес ғылымдардағы — аймақтық экономика, аймақтық әлеуметтану, аймақтық халықтану жатады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер
Санат:География және геодезия