Қоғамды аймақтық ұйымдастыру — 1) қоғамдық-экономикалық формацияның экономикалық заңдарына және оларды кеңістік бойынша түрлендірудің негізінде және мақсатына сәйкес қатынастарын, байланыстарын, өзара бағыныштылығы мен тәуелділігін ескере отырып жүзеге асырылатын материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардың кәсіпорындарын орналастыру, халықты қоныстандыру, табиғатты пайдалану жөніндегі процестер мен іс-қимылдардың жиынтығы; 2) қоғамдық өндіріс процестерін басқаратын құрылымдар біріктірген әрекеттегі аумақтық құрылымдардың: халық қоныстануының, өндірістің, табиғат пайдаланудың үйлесімі. Осындай үғымда қоғамды аймақтық ұйымдастыру еңбектің аумақтық бөлінісін, өндіргіш күштердің орналасуын, өндіріс қатынастарындағы аймақтық айырмашылықтарды, халықтың қоныстануын, қоғам мен мемлекеттің әкімшілік-аумақтық ұйымдастырылуын, экономикалық аудандауды, аймақтық басқарудың жүйесін және т.б. қамтиды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

Дереккөздер

Санат:География және геодезия