Басқұдық — Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы, Оңды ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Тарихы Іргесі 1978 жылы қаланды. Ауыл 1978–1995 жылдар аралығы қаракөл қойын өсіретін «Комсомол» кеңшары фермасының орталығы болған.

Географиялық орны Аудан орталығы Шетпе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 75 км, округ орталығы Оңды ауылынан оңтүстікке қарай 41 км жерде орналасқан.

Халқы 1999 20092009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 389 118 61

Экономикасы Бұрынғы «Комсомол» кеңшары негізінде жеке қожалықтар жұмыс істейді. Ауылда Басқұдық – Бекі су құбырының ұңғымалары орналасқан.

Белгілі тұлғалар Басқұдықта кеңес үкіметіне дейін Әдбі ахун, Қожағұл молдалар мешіт, медресе ұстап сол аймақтағы балаларды оқытқан. Бұл жерде Қазақстан Республикасының халық жазушысы, сенат депутаты – Ә.Кекілбайұлы өмірге келген.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997

Дереккөздер

Санат:Маңғыстау ауданы елді мекендері