Жаңа дүние - Солтүстік және Оңтүстік Американы қамтитын дүние бөлігінің жалпы атауы. Оны еуропалықтарға белгілі бұрынғы Ескі дүниеге қарама-қарсы ұғым ретінде 1503 жылы теңіз саяхатшысы А. Веспуччи ұсынды. Алғашқы кезде бұл атау португалдар ашқан Оңтүстік Америка материгіне катысты болды, кейін (Америка атауымен коса) Солтүстік Американы атауға да қолданылды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:География және геодезия