Теледидар станциясы ( ) — теледидарлы бағдарламалар жасауға және оларды тарату процестерін орындауға қажетті құрылғылар мен қондырғылар кешені. Мұндай станциялардың тек өз бағдарламаларын ғана тарататын немесе өз бағдарламаларымен бірге басқа станциялардан алған хабарларды уақыт бойынша аралас тарататын, сондай-ақ өз бағдарламасы жоқ, тек басқа станциялар бағдарламаларын таратумен шектелетін түрлері бар. Бұлардың соңғысы теледидарлық ретранслятор деп аталады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника