Ақшора-белтұран – ескерткіш-белгі, мазар. Таушық пен Форт-Шевченко жолы бойының екі қапталында аралары 3 км-дей, батыс жағында Ақшора ескерткіші, шығысында Белтұран ескерткіші орналасқан. Халық арасында тараған аңыз бойынша бір-біріне қосыла алмаған қос ғашық – қазақ жігіті мен түрікмен қызының (олардың қазалары қыз жағынан болғанға ұқсайды) тағдырына байланысты туған. Бұл шамамен қазақтар Маңғыстауға енді келе бастаған кезде болған оқиға делінеді. Кейін екі ел арасы бітімге келген соң, қазақтар екі жастың басына арнайы ескерткіш тұрғызған. Екі мазар да бір-біріне ұқсас етіп әрі бір-біріне қосыла алмағандықтан бөлек болсын деп екі төбенің басына дін жоралғысын сақтай отырып салынған. Ақшора мазарының жанында екі қарағаш өскен. Бұл ескерткіш-мазарлар мемл. қорғауға алынған. «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;

Дереккөздер