Қырқалы құмдар - жіңішке параллель қырқалар түрінде орналасқан және басым желдің бағыты бойынша бағдарланған құм массивтері. Ұзындығы бірнеше км-ге, жартылай өсімдік өскен қырқалардың биіктігі бірнеше метрден 80 м-ге, шөп өспеген қырқалардың биіктігі 200 м- ге дейін жетеді. Желден құмның құйындап қозғалуының, сондай-ақ әр түрлі экспозициядағы беткейлердің әркелкі ысуының салдарынан калыптасады. Орталық Азияның, Аустралияның,Африканың шөлді аудандарында көп кездеседі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

Дереккөздер

Санат:География және геодезия