«Бака» – 1825 – 26 ж. қысында Каспий теңізінің Маңғыстау жағалауын зерттеуге капитан-лейтенант Басаргиннің басшылығымен шыққан эскадраның флагман кемесі.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; Эскадраға жүктелген қосалқы міндет үстіртті зерттейтін полковник Бергтің экспедициясын теңіз арқылы жабдықтап, арада тұрақты байланысты жолға қою болды. 1825 ж. 13 қазанда жолға шыққан эскадра 11 қарашада кейін қайтып, 11 ақпанда Құлалы аралына зорға жетті. Қатқан мұздан онан әрі жүру мүмкін болмағандықтан сонда кемелерінің ішінде қыстап шықты. 1827 ж. 3 сәуірде ғана Астраханға кері оралды. Эскадра сол сапарында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің, Құлалы аралының картасын түсірді. Өліқолтық шығанағына кіреберіс маңдайдың тереңдігін анықтады. Бұл кейіннен Г.С. Карелин (1832) экспед-ның Өліқолтық, Қайдақ, Қаракешу шығанақтарын зерттеуде табысқа жетуіне ықпал етті.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Бакай (Башқұртстан) · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.