Лавалық жамылғылар - жазық бедерлі жағдайда айтарлықтай ауданды қамтып, көбінесе лавалық үстірт құрайтын, көп мөлшерде атқылап төгілген лаваның таралу пішіні. Әсіресе базальттық жарықтардың төгілуіне тән.

Лавалық көл

Лавалық көл - отты сұйықтықпен, әсіресе базальтты лавамен толған жанартау кратеріндегі немесе шұңқырларындағы кол. Термин кейде қатқан лавалық көлге де қатысты қолданылады.

Лавалық тасқын

Лавалық тасқын - жанартаудан төгілген лаваның таралу пішіні. Лаваның тұтқырлығы мен жер бетінің еңістігіне байланысты айтарлықтай ұзын және біршама енсіз болады. Қышқыл лаваның тасқыны, әдетте, қысқа (10 км-ге дейін) және қалың (30 м-ге дейін); ал базальтты тасқындар өте ұзын (60—80 км-ге дейін), жұқа болады. Исландиядағы Тредладингья жанартауының лавалық тасқынының ұзындығы 120 км-ге дейін жетеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

Дереккөздер

Санат:География және геодезия