Комплементарлық МДШ транзисторлар — шалаөткізгіштің бір кристалында жасалған, біреуінің n-типті өткізгіштік каналы, ал екіншісінің р-типті өткізгіштік каналы бар екі МДШ транзистор.
Комплементарлық МДШ транзисторлардың ерекшелігі мынада: статикалық күйдегі шапшаңдығы жоғары, қоректену көзінен тұтынылатын, шектелген кішкентай токтың үйлесімді тіркесін қамтамасыз ететін әрбір транзистордың қарама-қарсы полярлықтағы қоректендіру мен басқару кернеулерінің болуы.
Комплементарлық МДШ транзисторларлар инверторларда кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Комплементарлық МДШ транзисторларды ШӨ еске сақтау құрылғыларында, электрондык сағаттарда, калькуляторларда пайдаланады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника