Ресурстық карталар - табиғи және экономикалық ресурстардың орналасуы мен қорын бейнелейтін карталар. Ресурстық карталар барлық негізгі табиғи (жер қойнауының, гидроклиматтық, топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесінің ресурстарын) және әлеуметтік-экономикалық (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, еңбек және т.б. ресурстарын) құрамбөліктерді қамтиды. Ресурстық карталарды ресурстардың орналасу карталары, ресурстарды бағалау карталары, пайдалану шарттары мен әдістері, қорғау, болжау және қалпына келтіру карталарына бөледі.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Дереккөздер
Санат:География және геодезия