Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы ( / Shinjang Uyghur Aptonom Rayoni</br>Шинҗаң Уйғур Аптоном Райони; . Қысқаша ШҰАР, Шыңжаң; ; ; поштада: Sinkiang) — Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Батыс өңіріндегі орналасқан автономиялық аумақ әрі жер көлемі бойынша ең ірі әкімшілік аумақтық бөлінісі. Солтүстігінде Алтай таулары арқылы 52 км Ресей Федерациясымен шығысында Моңғолияның Баян-Өлгей, Ховд аймақтарымен, оңтүстігінде Тибет автономиялы районымен, батыс-солтүстігінде Қазақстанның Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарымен, батысында Қырғызстан, Тәжікстан Республикаларымен шекараласады.

«Шыңжаң» атауының тарихы Негізгі атауы «Шығыс Түркістан». Қазір Қытай өкіметі саяси наразылық себептерінен «Шығыс Түркістан» деген атау қолдануына тыйым салынған. Бұрын Хән тарихнамаларында «Батыс өлкелер» делініп келген бұл тұсқа Шыңжаң (Жаңа аумақ) деген ат 1877 ж. Чиң үкіметі кеңесші амбы етіп тағайындаған Зо Зұңтаң жағынан берілген болатын.

Тарихы Шыңжаңда бұдан 10-20 мың жыл бұрын-ақ адамзат тіршілік ете бастаған. Олар 4 мың жылдың алдында қола, 2700 жылдың алдында темір кезеңіне өткен.

Сонау Амур мен Сарыөзеннің (Хуаңхы) батысы ежелден кейін келе қазақ қатарлы ұлттарды құраған тайпалардың атамекені екені тарихнамалардан белгілі. Бұл ұлан-байтақ өңірде сақтар, ғұндар тайпалық одағы салтанат құрған. Ғұн қағанаты ыдырай бастағанда, Тәңіртау мен Алтай арасы үйсіндер қолына өтті. Бұл б.з.б. 2-ші, 1-ші ғғ. күй. Хән әулетінің алғашқы мәмілегері Жяң Чян осы тұста (119 жыл) Үйсін Еліне келіп саяси құдалық сөйлесіп қайтқан. Қытай тарихнамасында Үйсін мемлекеті (Усүн Го) Іле өңірін кіндік еткен өңірдің алып елі деп айқын жазылған. Хән патшасы Хән Уди алғашында Лю Шижүн ханікені үйсін күнбиіне үйсіндерді ғұндарға Хәнмен тізе қоса қарсы шығу үшін ұзатады.

Байырғы Ұлы Жібек Жолында жатқан Шынжаңның ерте заман мәдениет жұрттары, мыңүйлері, архитектуралары, қабірлері, петроглифтерінің ірілері 300-ге таяу. Бұдан сырт 22 жаратылыстық қорық бар. Ертедегі қала қалдықтарының ішінде ең атақтылары — Ярғұл, Едіқұт, Кроран, Көтең, Шаты қала харабалары. Шатыдағы қала ойраны алғашында үйсіндерге жазғы астана, артынан Түрік қағандығы маңызды қала болып, Шыңғыс хан жағынан күйретілген.

2014 жылдан бастап Қытай коммунистік партиясының басшысы Си Цзиньпин еңгізген саясатының арқасында Ұйғыр геноциді басталды. Көптеген этникалық және діндік азшылықтар (олардың көбісі ұйғырлар, қазақтар, қырғыздар және басқа түркі мұсылмандар) қайта тәрбиелеу лагерлерінде қамалған.

Географиясы Еуразия құрлығының кіндігінде жатқан Шыңжаңның жер аумағы км2 астам. Яғни бүкіл Қытай аумағының алтыдан бірін құрайды. Шет елдермен шекара ұзындығы км асады. Солтүсті мен солтүстік шығысында Алтай, батыс ортасында Тәңір (Тянь-Шань), оңтүстігінде әйгілі Такла Макан шөлі мен Кинлунь таулары тұр. Тәңіртаудың солтүстігінде Жоңғар, оңтүстігінде Тарым ойпаты бар. 750 неше өзені бар Шыңжаңның жер беті суының жылдық ағыс мөлшері — м3. Өзендері ішінде ең үлкені Іле мен Ертіс. Қалғандары — Тарым, Қарашәрі, Үліңгір, Манас сықылды орташа не шағын өзендер. Ұзындығы км келетін Тарым ертеде Лоп көліне құяды екен. Қазір Тітіма көліне де жетпейді. Оның орта шенін бітік тораңғы орманы жапқан. Шыңжаң асқарларында -ден астам мұздық бар. Аумағы 1 км2 асатын көлінің саны 139.

Тұщы Бағраш көлінен жылына мың тоннадан астам балық ауланады. Бағраш қамысқа да бай. Айдынкөл теңіз деңгейінен 155 метр төменде жатыр. Боғда көлі теңіз деңгейінен екі мың метрдей биікте тұр. Солтүстік Шыңжаңда бұдан сырт Сайрам, Қанас секілді тамаша көлдер бар. Қытайдағы ең үлкен ойпат — Тарым ойпаты (Тұрпан). Екінші үлкен ойпат — Жоңғар ойпаты. 380 мың шаршы шақырымдық бұл ойпаттың ортасында Құбының құмы жатыр. Қытайдағы шөлдердің 60 пайызы (430 мың 400 шаршы шақырымы) — Шыңжаңда. Қытайдағы екінші үлкен ( км2) шөл Жоңғар кіндігіндегі Құрбантүнгіт.

Халқы 2018 жылғы жағдай бойынша Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аудан халқы саны 24 870 000 адамды құрады. Шыңжаңда 47 ұлт өкілдері тұрады, олардың ішіндегі ең көпшілігі - ұйғырлар, қытайлар, қазақтар, хуэй халқы (дүнгендер), моңғолдар, ойраттар, қырғыздар, сібе, тәжіктер, өзбектер, маньчжурлар, татарлар және орыстар.

Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы - Қытайдың бес ұлттық автономиялық аудандарының бірі. Әкімшілік жағынан ол аудандарға, автономды округтерге, уездерге, автономиялық округтерге, қалаларға, аймақтарға және ұлттық аймақтарға бөлінеді. Шыңжаң 5 автономды округтен тұрады: Баянгол-Моңғол Автономиялық аймағы, Боро-Тала-Моңғол Автономиялық аймағы, Чангжи-Хуй Автономиялық аймағы, Дунган (Ху-цзы), Қызылсу-Қырғыз Автономиялық аймағы, Іле-Қазақ Автономиялық аймағы және 6 автономиялық аймақтар бар.

КСРО дағы репрессия кезеңінде мыңдаған қазақтар, қырғыздар, орыстар және басқалар Шығыс Түркістанға (қазіргі Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы ) қоныс аударды және олардың бір бөлігі кейіннен отандарына оралды. 1954–1955 жылдары КСРО-ға қазақтардың жаппай көшуі болды, 1962 жылдың басында 60-тан 100 мыңға дейін ұйғырлар, қазақтар мен дүнгендер КСРО-ға кетті (негізінен Қазақстан мен Қырғызстанға). thumb|500px|Шыңжаң ауданның ұлттарын көрсететін карта. Көкпен ұйғырлар, қызылмен қытайлар, ал сарымен қазақтар көрсетілген.

Халық Саны, (пайызы)1933 жылы ұйғырлар2,900,173 (77.75%) қазақтар318,716 (8.55%) қытайлар202,239 (5.41%) хуэй халқы92,146 (2.47%) қырғыздар65,248 (1.75%) моңғолдар63,018 (1.69%) тараншылар41,307 (1.11%) орыстар13,408 (0.36%) сібе9,203 (0.25%) тәжіктер8,867 (0.24%) өзбектер7,966 (0.21%) татарлар4,601 (0.12%) солондар2,489 (0.07%) маньчжурлар670 (0.02%) Жалпы3,730,051 Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданның ұлттық құрамы, 2015 ж. Халық Саны Жалпы пайыз ұйғырлар 11,303,300 46.42% қытайлар 8,611,000 38.99% қазақтар 1,591,200 7.02% хуэй халқы 1,015,800 4.54% қырғыздар 202,200 0.88% моңғолдар, ойраттар және қалмақтар, доңсяңдар, даурлар 180,600 0.83% тәжіктер және памирліктер 50,100 0.21% сібе 43,200 0.20% маньчжурлар 27,515 0.11% туцзялықтар 15,787 0.086% өзбектер 18,769 0.066% орыстар 11,800 0.048% мяо халқы 7,006 0.038% тибеттіктер 6,153 0.033% чжуандар 5,642 0.031% татарлар 5,183 0.024% саларлар 3,762 0.020% Қалғандар 129,190 0.600%

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі нөмір Қазақ атағы Қытайдағы қазақша атауы Ұйғыр аты Қытай атауы Пиньинь Ресми азшылық тілі(автономиялық аймақтар) Халық саны - 2020 Жер аумағы Аймақ деңгейіндегі қалалар1 Үрімжі қаласы ءۇرىمجى قالاسىҮрімжі қаласы ئۈرۈمچى شەھىرىWūlǔmùqí Shì - 4.054.369 13.787,902Қарамай қаласы قارامايلى قالاسىҚарамайлы қаласы قاراماي شەھىرىKèlāmǎyī Shì - 490.384 8.645,08 3Тұрпан қаласы تۇرپان قالاسىТұрпан қаласы تۇرپان شەھىرىTǔlǔfān Shì - 693.998 67.562,914 Хами қаласы قۇمۇل قالاسىҚұмұл қаласы قۇمۇل شەھىرىHāmì Shì - 673.383 142.094,88 Автономиялық облыстар 5 Чангжи-Хуй Автономиялық облысы سانجى حۇيزۋ اۆتونوميالىق وبلىسىСанжы хұйзу автономиялық облысы سانجى خۇيزۇ ئاپتونوم ئوبلاستىChāngjí Huízú Zìzhìzhōu - 1.613.585 73.139,756Боро-Тала-Моңғол Автономиялық облысы بۇراتالا موڭعۇل اۆتونوميالىق وبلىسىБұратала Моңғұл автономиялық облысы بۆرتالا موڭغۇل ئاپتونوم ئوبلاستىChāngjí Huízú Zìzhìzhōu (Моңғол тілі)(Ойрат тілі) 488.198 24.934,337Баянгол-Моңғол Автономиялық облысы بايىنعولىن موڭعۇل اۆتونوميالىق وبلىسىБайынголын Моңғұл автономиялық облысы بايىنغولىن موڭغۇل ئاپتونوم ئوبلاستىBāyīnguōlèng Měnggǔ Zìzhìzhōu (Моңғол тілі) 1.613.979 470.954,259Қызылсу-Қырғыз Автономиялық облысы قىزىلسۋ قىرعىز اۆتونوميالىق وبلىسىҚызылсу Қырғыз автономиялық облысы قىزىلسۇ قىرغىز ئاپتونوم ئوبلاستىKèzīlèsū Kē'ěrkèzī Zìzhìzhōu (Қырғыз тілі)قىزىلسۇۇ قىرعىز اپتونوم وبلاسى 622.222 72.468,08 12Іле Қазақ автономиялық облысы ىلە قازاق اۆتونوميالىق وبلىسى ئىلى قازاق ئاپتونوم ئوبلاستىYīlí Hāsàkè Zìzhìzhōu 6.582.500 268.778,81 Іле Қазақ автономиялық облысының өзі 3 әкімшілік бірліктен, 2 аймақтан және бір жиынтығынан «Облысқа тікелей бағынатын аудандар» тұрады. Облысқа тікелей бағынатын аудандар وبلىسقا تىكەلەي باعىناتىن اۋداندار ئوبلاستقا بىۋاستە قاراشلىق رايونلارZìzhìzhōu zhíxiá xiàn jí xíngzhèng dānwèi 2.848.393 56.381,53 12aТарбағатай аймағыتارباعاتاي ايماعى تارباغاتاي ۋىلايىتىTǎchéng Dìqū 1.138.638 94.698,18 12bАлтай аймағы التاي ايماعى ئالتاي ۋىلايىتىĀlètài Dìqū 668.578 117.699,01 Аймақтар 8Ақсу аймағы اقسۋ ايماعى ئاقسۇ ۋىلايىتى‎Ākèsū Dìqū - 2.714.422 127.144,91 10Қашғар аймағы قاشقار ايماعى قەشقەر ۋىلايىتىKāshí Dìqū - 4.496.377 137.578,51 11Хотан аймағы حوتان ايماعى خوتەن ۋىلايىتىHétián Dìqū - 2.504.718 249.146,59 автономиялық ауданға тікелей бағынатын қалалар (Шыңжаң ауданында оған тек «Бингтуан» әкімшілігіне қарасты қалалар кіреді)AШыхызы қаласы (Тасырқай) شىحىزى قالاسى (تاسىرقاي) شىخەنزە شەھىرىShíhézǐ Shì - 635.582 456,84BУжячүй қаласы (Бесарық) ۋجياچۇي قالاسى (بەسارىق) ۋۇجياچۈ شەھىرىWǔjiāqú Shì - 90.205 742,00CТұмсық қаласы تۇمسىق قالاسى تۇمشۇق شەھىرىTúmùshūkè Shì - 263.245 1.914,12DАрал қаласы ارال قالاسى ئارال شەھىرى‎ Ālā'ěr Shì - 190.613 5.266,00EБей-тұң қаласы بەيتۇن قالاسىБейтұң қаласыبەيتۈن شەھىرىBěitún Shì 86.300 910,50FБашегім қаласы (Теменгуан)باشەگىم قالاسى باشئەگىم شەھىرى‎Tiĕménguān Shì - 50.000 590,27GҚос-өгіз қаласы (Шуаңхы) قوسوگىز قالاسى (شۋاڭحى) قوشئۆگۈز شەھىرى‎Shuānghé Shì - 53.800 742,18HКокдала қаласы كوكدالا قالاسى كۆكدالا شەھىرىKěkèdálā Shì 75.000 979,71IҚұрымқас қаласы (Куню) قۇرىمقاس قالاسى قۇرۇمقاش شەھىرىKūnyù Shì - 45.200 687,13JХуяңхы қаласы حۋياڭحى قالاسى خۇياڭخې شەھىرىHúyánghé Shì - 80.000 677,94KЖаңа Жұлдыз қаласы جاڭا جۇلدىز قالاسى يېڭى يۇلتۇز شەھىرىXīnxīng Shì - 44.700 539LБайяң қаласы بايياڭ قالاسى بەيياڭ شەھىرىBaíyáng Shì 85.655 4.925

Экономикасы Шыңжаңда күн сәулесінің түсуі 3400 сағатқа шейін барады.

Шыңжаңның 37,8 % жері ғана ауыл, орман, мал шаруашылықтарына істетіледі. Егістік жері кісі басына 3,13 мудан (1 гектар = 15 му) тура келеді. Орманды жер — гектар. Пайдалануға болатын табиғи жайылым 51 миллион 310 мың гектардай. Шыңжаң — құрғақ, жауын-шашыны аз, ауа райы құбылмалы өлке.

Шыңжаңның кен қоры мол, кен түрі көп (138-ден астам). Оның 26 түрі қоры жағынан Қытай бойынша алдыңғы бес орынның ішінде. Алтайдың алтыны, жақұты, шырымталы әлемге әйгілі.

Бұл өлкеде жанарзаттық (мұнай, табиғи газ, көмір, майлытас, шымтезек, т.б.) кен өнімдерінің де қоры өте мол. Мұнай байлығы — тонна, табиғи газ байлығы — m3 деп мөлшерленуде. Бұл Қытайда 2-ші, 1-ші орындарға тән деген сөз.

Шыңжаңда, төрт түліктен сырт, 700-дей омыртқалы хайуандар өмір сүреді. Оның ішінде жуан тұмсық бөкен, қарабай, ақиық сияқты сирек түрлер де бар. Мұнда өсетін түрлі өсімдіктің ішінде 100-ге жуығы (жабайы кендір, көксағыз, сасыр, ақжүрек, алақат, қызылмия, қожашөп, т.б.) құнды дәрілік өсімдіктер.

Тағы қараңыз Іле Қазақ автономиялық облысы

Дереккөздер

Санат:Шыңжаң Ұйғыр аутономиялық ауданы