Тамара Тәтімқызы Екібаева (1929, Ақтөбе қаласы – 2002) – педагог. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі (1976). Алматы Қыздар педагогикалық институтын бітірген (1951). Красноводскіде (қазіргі Түрікменбашы), 1966 жылдан Маңғыстау облысы мектептерінде мұғалім. Қазақстан мұғалімдерінің ІІІ съезіне, Ташкентте өткен Бүкілодақтық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысқан. Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің үздігі» (1975).«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар