Әмірхан Айтбайұлы Қанаев(1954 жылы туған, Атырау облысы Құлсары қаласы) – дәрігер. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2005). Алматы мемлекеттік медициналық институттын (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университетті) бітірген (1976). 1976 – 77 жылы Маңғыстау облысы ауруханасында сан. авиация, 1977 – 81 жылы Сарқамыс учаскелік ауруханасының хирургі, 1981 – 90 жылы Бейнеу ауданы орталық ауруханасында хирург, 1990 жылдан бері хирургия бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады. «Шапағат» (2005) медалімен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:1954 жылы туғандар