Бердіғұлов Сәрсенбек Табылдыұлы (1947, Маңғыстау облысы). Бүкілодақтық сырттан оқитын политехникалық институтын бітірген (Мәскеу, 1979). 1965-1967 жылдары — «Каспий маңы кен-металлургия комбинаты» өндірістік бірлестігінде аспапшы. 1967-1968 жылдары — «Қазақстанмұнай» бірлестігі өндіріс базасында жук тасушы. 1968-1970 жылдары — Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеген. 1970-1973 жылдары — «Қазақмұнайтехникалықжабдықтау» тресінде жук тасушы. 1974-1994 жылдары — Қазақ газ өңдеу зауытының техника қондырғысының операторы, смена бастығы, диспетчер, учаске бастығы, бөлім бастығының орынбасары, өндіріс бөлімінің бастығы, бас технолог, бас инженер, зауыт директоры. 1994-1995 жылдары — «АКПО» акционерлік қоғамының техникалық директоры. 1995-1996 жылдары — «Этилен» АОЗТ техникалық директоры, 1996-2004 жылдары — кейіннен Газ өңдеу Басқармасы болып аталған Қазақ газ өңдеу зауытының директоры. 2004 жылдан «ҚазМұнайГаз» ӨБ»« акционерлік қоғамының «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының газ өңдеу Басқармасының бастығы. «Қазақстан мұнайына 100 жыл» медалімен марапатталған. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Дереккөздер

Санат:Тұлғалар