Қасқа жусанМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;, боз жусан, кермек жусан () – астралылар тұқымдасының жусан туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Шөл, шөлейтті жерлерде өседі. Биіктігі 25 – 35 см. Жапырақтары қауырсын пішіндес тілімденген. Гүлі қос жынысты, сары түсті. Гүлшоғыры – себет, онда 3 – 4'' гүлі болады. Тамыз – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – тұқымша. Қасқа Жусан малазықтық шөп, оны күзде және қыста түйе, қой, ешкі жақсы жейді.«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; Дереккөздер

Санат:Жусандар Санат:Күрделігүлділер