Өтелбек Махмұтов (1941, Маңғыстау ауданы Таушық ауылы – 1980) — дәрігер-хирург, медицина ғылым кандидаты (1974). Алматы медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген (1964). 1972–1974 жылдары сол институттың аспиранты. Махмұтовтың негізгі ғылыми еңбектерінің бағыты Маңғыстау мұнайшыларының өндірістік жарақаттары мен олардың алдын алуға арналған. 1964–1980 жылдары Шевченко қаласындағы Жаңаөзен ауданында аурухананың бас дәрігері, травматология бөлімінің меңгерушісі болды. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. Жаңаөзен қаласында бір көше Махмұтовтың есімімен аталады.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар