Маңдайлы Оразалиева (1937 ж. т., Маңғыстау ауданы Сартас ж.) – жұмысшы, Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының мүшесі (1956). 1955 жылдан Баутин балық комбинатының қалбырлау цехында жұмысшы болды. Гурьев (қазіргі Атырау) облысы кеңесінің депутаты (1957). Балық өнеркәсібіндегі табыстары үшін Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының грамотасымен марапатталған (1959).«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:1937 жылы туғандар Санат:Маңғыстау ауданында туғандар