Хасниязов Дүйсен Әбуұлы (1962 жыл, Байрамалы, Мары облысы, Түрікмен КСР) — қазақстандық діни қызметкер.

Өмірбаяны Діни сауатын әкесі Әбу молдадан ашқан, 1994 жылы Алматыдағы Ислам университетін бітірген.

1983 жылдан 1990 жылдарына дейін Ішкі істер министрлігінде жұмыс жасаған, Жаңаөзен қаласының бас имамы, 1997 жылы Исламабад, Пәкістанда Халықтық Ислам университетінің Дағван академиясында білімін жетілдірген.

1998 жылы Қазақстан бойынша 500 адамға жетекші имам болып Меккеде қажылық парызын өтеді. 1997 жылдан бері Маңғыстау облысы бойынша өкіл имам, облыстық орталық мешіттің бас имамы.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;

Дереккөздер

Санат:Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетi түлектері Санат:Қазақстан қажылары Санат:Қазақстан бас имамдары