Сауд Арабия патшалығы ( әл-Мәмләка әл-'Арабия ас-Су’удия ) — Араб түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Иордания, Ирак және Кувейт, шығысында Катар және Біріккен Араб Әмірліктері, оңтүстік-шығысында Оман, оңтүстігінде Йеменмен шектеседіБСЭ — Сауд АрабиясыCIA — The World Factbook . Солтүстік-шығысында Парсы шығанағы, батысында Қызыл теңізбен қоршалып жатыр.

Сауд Арабияны «Харам жері» деп атайды. Харам деп аталуына себеп Мекке және Медине қалаларының орналасуында. Араб тілінде қысқаша — ас-Саудия () деп айтылады.

Сауд Арабиясы қазіргі таңда Иордания Хашимит Патшалығы (Хашимиттер әулеті билікте) мен Лихтенштейн Княздігін (князьдер фон унд цу Лихтенштейннің иелігі) қоса есептегенде билеуші ​​әулеттің (Саудиттердің) құрметіне аталған әлемдегі үш мемлекеттің бірі.

Сауд Арабиясы өзінің үлкен мұнай қорымен мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) негізгі мемлекеті болып табылады. 2015 жылы мұнай экспорты бойынша әлемде бірінші орынды, 2017 жылы мұнай өндіру бойынша екінші орынды (Ресейден кейін) иеленді. Мұнай экспорты экспорттың 95% - ын және ел кірісінің 75% - ын құрайды.

Араб түбегі thumb|left|298px|Сауд Арабия Сауд Арабиясы Араб түбегінде орналасқан территория жағынан ең үлкен мемлекет. Арабия — Оңтүстік-Батыс Азияда орналасқан, дүние жүзіндегі ең ірі түбек (ауданы 3 млн. км²). Ол Жерорта, Қызыл, Араб теңіздерімен қоршалған. Құрлықтағы шартты шекарасы солтүстігінде Месопотамия ойпаты, Парсы шығанағы, Ормуз мойнағы, Оман шығанағы арқылы өтеді. Оңтүстік шекарасы Акаба шығанағы, Қызыл теңіз, Баб әл-Мандеб бұғазы. Аден шығанағы арқылы Араб теңізінің батыс жағалауымен жалғасады. Араб түбегіне түгелімен Сауд Арабиясы, Иордания, Йемен республикасы, Оман, Бахрейн, Кувейт, Ливия, Палестина, Израиль мемлекеттері және Сирия мен Ирақтың бір бөлігі енеді.

Араб түбегіндегі ескі діндер Ислам дініне дейін Араб түбегіндегі тайпалар яһудилік, христиандық дініне және пұтқа табынушылық жасайтын. Арабтардың пұтқа табынушыларының ерекшелігі — олар Аллахқа жалғыз жаратушысы деп сенсе де, одан басқа да пұттарға табынған.

Араб түбегіндегі ежелгі халықтар

Тарихы Астанасы Эр-Рияд қаласы. Халық саны 4 878 473 адам (2010 жылғы халық санағы бойынша). Бұл жерлерді алғашында көшпенді араб тайпалары мекендеген болатын. 1902 жылдан бастап Неджд аймағының орталығы болып, 1932 жылы мемлекеттің астанасы болды. Бұрын қала шағын қалашық болған. Мұнай өндірісінің дамуы қаладағы халық санының өсуіне ықпалын тигізді. Қазіргі таңда Эр-Риядта заманауи жобалармен салынған ғимараттар бой көтерген.История Эр-Рияда

Исламға дейінгі дәуір

Мұхаммед пайғамбар дәуірі

Араб халифаты Араб халифаты — халифалар басқарған араб-мұсылман мемлекеттерінің Еуропа елдеріндегі атауы. Мұхаммед пайғамбар Батыс Арабияда құрған мұсылман қауымы (Умма) Араб халифатының ең алғашқы түп негізі болған еді. thumb|right|The Caliphate, 622–750 632 — 56 жылдардағы халифаттың астанасы — Медине қаласы Араб жорықтарының бірінші кезеңінде халифаттың құрамына Ирак, Иран түгел дерлік, Кавказ сыртының басым бөлігі, Сирия, Палестина, Мысыр кірді, ал екінші кезеңінде оған Солт. Африка, Пиреней түбегінің көп бөлігі, Орта Азия, Табарстан, Джурджан (Горган), Синд қосылды. Халифат тұсында ислам дінінде сунниттер мен шииттердің, хариджиттердің алғашқы діни-саяси ағымдары және түрлі халифаттар (Омейя әулеті халифаты (929 — 1031), Аббас әулеті халифаты (750), Фатима әулеті халифаты (909 — 1171), Кордова халифаты), Сасани, Тулуни, Әли әулеті, Таһир әулеті, Самани әулеті т.б. билеген мемлекеттер мен жергілікті әмірліктер пайда болды. 1258 ж. Хулагу хан бастаған моңғол әскерлері Бағдатты алып, Аббас әулетінен шыққан соңғы халиф Мұстасимді өлтіргеннен кейін А. х. мемл. ретінде жойылды.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

Умая халифалығы Умая Әулеті– Араб халифатын билеген әулет (661 – 750). Негізін Меккедегі құрайыш тайпасының омейя руынан шыққан І Муавия (т.ж.б. – 680) қалаған. Омейя әулетінен шыққан халифтар мемлекет құрамына Солтүстік Африка, Пиреней түбегінің көп бөлігін, Орталық Азияны, Иран, Ауғанстан, Ирақ, Кавказдың біраз жерлерін қосып алды. 8 ғасырдың ортасына таман мемлекеттегі бірлік әлсірей бастады. Әбу Мүсілім бастаған шииттік қозғалыс (747 – 750) Омейя әулетін тақтан тайдырған соң, билікке Аббас әулеті келді.Қазақ энциклопедиясы, 7 том 6 бөлім

Аббаси халифалығы Аббас әулеті, әл - Аббассийун -Араб халифатын билеген әулет (749 -1258). Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) немере ағасы әл-Аббас бин Абд әл-Мутталиб бин Хашимнен (653 жылы өмір сүрген) тараған. Мұхаммед бин Әлидің ұлы Ибрагим жіберген өкіл Әбу Муслим бастаған Шииттік қозғалыс Омейя әулетін тақтай тайдырған соң, Аббас әулетінің үкімет басына келген. Аббас әулетінің алғашқы халифасы Әбу әл-Аббас әс-Саффах (750 - 54) болды. 762 жылы Аббас Әулетінің астанасын Шамнан (Дамаск) Бағдатқа ауыстырды. Аббас әулетінің мемлекеті әдебиеттерде, кейде «Бағдатяхалифаты» деп те аталады. Ол «Мұсылман ренессансы» дәуірінде мәдениеті, ғылымы,әдебиеті,философиясы, математикасы,географиясы, саудасы, т.б. әлемдік дамудың алдыңғы қатарындағы мемлекет болды. Бұл халифат төңірегіндегі көптеген халық өкілдері оған өзіндік үлестерін қосып отырды. Ежелгі Шығыс, Грек, Рим өркениетінің жетістіктеріне сүйенген араб мәдениеті Еуропа елдерінің дамуына көмектесті. Аббас әулеті арасынан һарун әр-Рашид (786 - 809), Мамун (813 - 33), әл-Мутасим (833 - 42) қызметтері айрықша аталды. Кейін VIII ғ-дың ортасында мемлекет бірлігі әлсіреді. Әр аймақта Аббас тұқымдары немесе жергілікті билеуші топтар билік жүргізе бастады. X ғасырда бұйдтер, одан салжұқтар Аббас әулетін ығыстырыл шығарды да, олар тек діни тістерге ғана араласатын болды.

Халифаттың әлсіреуі 1258 жылы Хулагу хан бастаған моңғолдар Бағдатты басып алып, Аббас әулетін жойды. Тірі қалған әл-Мустансирге Мысыр сұлтаны Бейбарыс 1261 ж. әл-Қаһрада халифа атағын берген.1517 жылы түрік сұлтаны Сәлім әл-Мутауәккіл халифаны Ыстамбұлға көшіріп, кейін халифа атағы түрік сұлтандарына өтті. 1258 жылы Бағдатты моңғолдар басып алғаннан кейін Халифат мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Алайда Мысырды 1517 жылы түріктер жаулап алғанға дейін Аббас әулеті халифтері Каирде тұрып, өздерінің діни беделімен жергілікті сұлтандарды және басқа да мұсылман елдерінің билеушілеріне ықпал етті, оларға қаржы жағынан көмектесті. Кейін түрік сұлтандары өздерін халифтер деп атай бастады. Олар мұны Мысырды жаулап алғаннан кейін Аббас әулетінің соңғы өкілінен мұраға алғандықтарымен түсіндірді. Түрік Халифаты 1924 жылы наурызда Түркия республикасының пайда болуымен жойылды.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,2010 ISBN 9965-26-322-1

Патшалықтың құрылуы Сауд Арабиясы корольдігі салыстырмалы түрде алып қарағанда жас мемлекет. Ол XX ғасырдың бас кезінде дербес әмірлердің бірі — Әбділ Әзиз ас-Сауд (1880—1953) араб князьдіктерін біріктіру үшін күрес бастағанда пайда болды. 1901 жылы оның әскері Эр-Риядқа кірді, ал 1920 жылы Асирді жаулап алған соң бірігу процесі іс жүзінде аяқталды, 1932 жылы Әбділ Әзиз ас-Сауд басқарған Сауд Арабиясы корольдігі жарияланды. Негізін салушы король қайтыс болған соң оның шексіз билігін ұлдары мұралыққа алды. 1993 жылы қазіргі король Фахд құрамында 60 адам бар Кеңесшілік кеңесін тағайындады. Сауд Арабиясының құрамындағы 13 провинцияның губернаторларына көп құқықтар берілді.

Солай болса да корольдікте саяси шешімдер қабылдайтын бір ғана король отбасы басым жағдайға ие. Елде саяси партиялар жок, баспасөзге қатал цензура орнатылған. Мысалы, 1994 жылы ғарыштық телехабарларға тыйым салынды. Интернетті пайдаланудың қатаң ережелері енгізілді.Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5

Сауд Араб патшалары (1932-жылдан бастап) {| class="wikitable" ! width=8% | Сурет ! width=5% | Аты жөні ! width=5% | туған жылы ! width=5% | Патшалығыныңбасталуы ! width=5% | Патшалығыныңбітуі ! width=5% | Қайтыс болған уақыты |- | 80px|center | align="center"| Әбд әл-Ғазиз | align="center"| 15 қаңтар 1876 жыл | align="center"| 22 қыркүйек 1932 жыл | align="center" colspan="2"| 9 қараша 1953 жыл |- | 80px|center | align="center"| Сауд | align="center"| 12 қаңтар 1902 жыл | align="center"| 9 қараша 1953 жыл | align="center"| 2 қараша 1964 жыл(құлатылды) | align="center"| 23 ақпан 1969 жыл |- | 80px|center | align="center"| Фейсал | align="center"| 1904 | align="center"| 2 қараша 1964 жыл | align="center" colspan="2"| 25 наурыз 1975 жыл(өлтірілді) |- | 80px|center | align="center"| Халид | align="center"| 1912 жыл | align="center"| 25 наурыз 1975 жыл | align="center" colspan="2"| 13 маусым 1982 жыл |- | 80px|center | align="center"| Фахд | align="center"| 16 наурыз 1921 жыл | align="center"| 13 маусым 1982 жыл | align="center" colspan="2"| 1 тамыз 2005 жыл |- | 80px|center | align="center"| Абдулла | align="center"| 1 тамыз 1924 жыл | align="center"| 1 тамыз 2005 жыл | align="center" colspan="2"| 23 қаңтар 2015 жыл |- | 80px|center | align="center"| Салман | align="center"| 31 желтоқсан 1935 жыл | align="center"| 23 қаңтар 2015 жыл | align="center" colspan="2"| Қазіргі уақыт|}

Саудиялықтардың шежіресі center|550px

Екі харам қорғаушысы Екі Харам қорғаушысы () — Сауд Араб патшасының титулыСаудовскому монарху сделали успешную операцию на позвоночникеСаудовский король посетил Папу в Ватикане.

«Екі Харам» — бұлар Сауд Арабиясыда орналасқан мұсылмандардың қасиетті екі мекені. әл-Харам мешіті Меккеде және Медине қаласындағы Мұхаммед пайғамбардың мешіті.

Мәдениеті

Білім жүйесі Сауд Арабияда ұлдар мен қыздар бөлек оқиды. Меккеде "Умул Қура" университеті, Эр Риад университеті Медине Ислам универсиеті, 2011 жылы 16 мамырда Сауд Арабиясында әлемдегі ең ірі әйелдер университеті ашылды. Корольдіктің астанасы Эр-Риядтың маңында орналасқан оқу орнының құрылысына 5 млрд доллар жұмсалған. 50 мың студентті қабылдай алатын кампустың аумағы 800 гектарды құрайды. Университет ректоры Хода аль-Амиль.

Мерекелері мен мейрамдары

Халқы right|thumb|350px|Сауд Арабиясы халқының демографиясы

2018 жылғы санақ бойынша Сауд Арабия халқы 33,000,000 миллион адам, оның ішінде 5,58 миллион шетелдіктер. Туу көрсіткіші 29,56 (1000 адамға), өлім — 2,62. Сауд Арабия халқы тез өсіп келеді (жылына 1-1,5 млн). 14 жасқа толмаған, азаматтығы барлар жергілікті халықтың 40% құрайды. 1960 жылдарға дейін Сауд Арабияны бәдәуилер мекен етті.

Этникалық құрамы 90% азаматтығы бар — этникалық арабтар, Азияттықтар және Шығыс Африкалықтарда кездеседі. 7 миллион мигранттар әр түрлі елдерден келген. Олар: Үндістан — 1,4 миллион, Бангладеш — 1 миллион, Филиппин — 950 000, Пәкістан — 900 000, Мысыр — 750 000. 100 000 басқа елдерден келген мигранттар.

Мемлекеттік тілі-Араб тілі.

Діні Мемлекеттік дін - Ислам діні

Негізгі қалалары

thumb| Мекке