Ләззат Кетебайұлы Қиынов (7 желтоқсан 1949, Таушық, Маңғыстау ауданы, Гурьев облысы) – қазақстандық саясаткер, мұнайшы-оператор, ғылым кандидаты. Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі, «ҚазМұнайГаздың» бұрынғы басшысы. Қаз КСР 12-ші шақырылымының депутаты (1990), Қазақстан Парламентінің Сенаты депутаты (2013-2017).

Өмірбаяны Байұлы тайпасының Адай руының Жеменей бөлімінен шыққан.Казахстан: Этническая ситуация и кланы | Belarus Security Blog

1949 жылы 7 желтоқсанда Гурьев облысы Маңғыстау ауданының Таушық кентінде туған. Қазақ. Әкесі - Қиынов Кетебай, марқұм. Анасы - Жалғасбаева Ханзия, зейнеткер. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1971) бітірген, тау-кен инженері. Техника ғылымдарының докторы (1994). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Батыс Қазақстан кен орындары жағдайында мунай өндірудің энергия сақтаушы технологиясы». ҚазПТИ-ді (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген. Жетібай мұнай-газ өндіру басқармасында мұнайшы-оператор, аға инженер, лаборатория жетекшісі 1979 жылы жаңадан құрылып жатқан «Маңғыстаумұнайөнеркәсіпхимия» өндірістік басқармасында бас инженер, кейін «Союзтермнефть» өндірістік басқармасының 1982 – 1987 жылдары «Қаражанбастермнефть» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы 1987 – 1992 жылдары «Комсомолнефть» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы 1992 - 1993 жылдары «Маңғышлақнефть» өндірістік бірлестігінің бас директоры 1993- 1995 жылдары Маңғыстау облысының әкімі 1995- 1997 жылдары ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары 1997 – 1999 жылдары Каспий құбыр консорциумы бас директорының орынбасары 1999 – 2002 жылдары Маңғыстау облысының әкімі 2002 – 2003 жылдары «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының президенті болды. 2003 – 2010 жылдары ҚР Энергетика мен минералдық ресурстар министрлігінде вице-министр. 2010 – 2011 жылдары ҚР Мұнай және Газ министрлігінде вице-министр. 2011 – 2013 жылдары «Қазмұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы 2013 – 2017 жылдары Қазақстан Парламентінің Сенатының депутаты «Парасат» орденінің иегері.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;Қазақстанныңмұнайэнциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдыққоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Марапаттары Парасат ордені Отан ордені ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл медалі ҚР парламентіне 10 жыл медалі ҚР мұнайына 100 жыл медалі Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Маңғыстау облысы Санат:Маңғыстау облысының әкімдері Санат:1949 жылы туғандар Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары