Тілеумұрат ҚожабековМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; (1948 – 2000, Форт-Шевченко қаласы) – журналист, ақын. Еңбек жолын Форт-Шевченко ұлутас карьерінде бастаған. Қазіргі ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде оқып, университеттің ұлт аспатар оркестрін басқарған (1967 – 1972). 1972 – 2000 жылдары Маңғыстауда аудандық газетте тілші, Форт-Шевченко қалалық мәдениет бөлімінде нұсқаушы, музыка мектебінің директоры, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Халықтық ән-күйлерді жинап насихаттаушы, айтыскер ақын. Республикалық ақындар айтысының жеңімпазы. Өнер сапарымен Украина, Ресей елдерінде болды. Өлеңдері мерзімдік баспасөзде, әр түрлі жинақтарда жарияланды. Дереккөздер
Санат:Тұлғалар