Мұзкептелу, мұзбөгет - сең жүрген кезде өзен арнасының мұздың ағып өтуі қиын тар жерлерінде және айналымдарында, қайырларында және т.б. тұстарында мұздың үйме-жүйме болып кептеліп қатуы. Мұзкептелу кезінде су деңгейі күрт көтеріліп, кейде су тасуы мүмкін. Қардың жаппай еруінен толатын оңтүстіктен солтүстікке қарай ағатын өзендерде байқалады. Иреңі көп өзендерде мұзкептелу жиі болады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

Дереккөздер

Санат:География және геодезия