Танаш Меңдібаев (1938 жылы туған Маңғыстау ауданы Таушық ауылы) – педагог, кеңес қызметкері. Гурьев (қазіргі Атырау университеті) педагогика институтын (1960), Алматы жоғары партия мектебін (1968), Ауыл шаруашылығы техникумын (1982) бітірген. 1960 – 1965 жылдары Шахта орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор, 1968 – 1978 жылы қалалық партия комитетінің 2-хатшысы, 1980 – 1990 жылдары облыс партия комитетінің насихат бөлімінің, оқу бөлімінің меңгерушісі, аудандық партия комитетінің хатшысы болды. 1993 – 1998 жылдары облыс әкімінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, облыс әкімінің бас кеңесшісі, 1999 – 2006 жылдары Қазақстан Азаматтық партиясының облыс бөлімшесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Қазір Ақтау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы. «Азамат» орденімен (2006), «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970), «Астана» медалімен (2007) марапатталған. Ақтау қаласының құрметті азаматы.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Дереккөздер
Санат:Тұлғалар
Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері