Жәңгірхан Смағұлов (1932 жылы туған, Форт-Шевченко) – педагог, Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің үздігі».
Өмірбаяны Орал педагогикалық институтын бітірген (1953).
1953 – 1957 жылы Форт-Шевченко қаласында Т.Г. Шевченко, С.М. Киров, А.И. Микоян атындындығы мектептерде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директоры болды.
1957 – 1963 жылы «Ленин туы» газеті редакторының орынбасары, қалалық партия комитетінің лектор-консультанты, 1963 – 2005 жылы Жаңаөзен қаласының №4 мектебінде мұғалім, кешкі мектеп басшысы қызметтерін атқарған.
Марапаттары мен атақтары «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» медалінің иегері, Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы.
Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан педагогтары