Тәжіғалиев Өтепқали (1932, Атырау облысы Доссор кенті – 1986) – инженер, Қазақ КСР-і мұнай-газ өнеркәсібінің еңбек сіңірген қайраткері. Мәскеу мұнай институтын бітірген (1954). 1954 – 1986 жылдары Байшонас кәсіпшілігінде мұнай өндіру телімінің мастері, Маңғыстау мұнай-газ өндіру бірлестігі жүйесінде мұнайды тасымалдау және сақтау жөніндегі өндірістік бөлім бастығы, мұнай-газ айдау магистральды басқармасының бастығы, Өзен мұнай өндіру басқармасының бас инженері, Маңғыстау газ өндіру басқармасының бастығы болды. «КСРО өнертапқышы» медалінің иегері, «Құрмет белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Инженерлер