Аяш ҚуановМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; (1899, Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылы – 1995) – соғыс ардагері. 1929 – 1942 жылдары ауылдық кеңестің хатшысы 1936 жылы ұжымшар басқармасының төрағасы, ауылдық кеңестің төрағасы (1939), ауданы қаржы бөлімінің салық жөніндегі өкілі болды. 1942 – 1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945 – 1950 жылдары Таушық ауылы кеңесінің төрағасы, аудандық жол бөлімінің бастығы Бозащы ұжымшарының зоотехник-ұйымдастырушысы, 1950 – 1956 жылдары Адай жылқысын асылдандыру мекемесінің 1956 – 1959 жылдары аудандық мал дайындау мекемесінің маманы болды. «Жеңіс» орденімен, тағы басқа мерекелік медальдармен марапатталған.

Дереккөздер