Құдайназар – Солтүстік Үстірттегі Қызылтастың оңтүстік-шығысында 52 км жердегі беті тегіс екі қырат.
Ортасын табаны сортаңды көлдеу ой бөліп жатыр. Солтүстік-батыс шеті Жолбаян құдығынан, солтүстігіндегі Төлеп құдығына дейін 26 км-ге созылған. Бас жағының ені 8 км, барған сайын сүйірлене түсіп, ұшында 200 сажынға дейін жіңішкереді. Екінші қырат біріншісінен енділеу әрі 4 км-ге ұзын. П.В. Алексеевтің жазуынша жер атауы ертеде осында тұрған әулие адам атымен қойылған. Шежіреде атау батырдың тұңғыш немересі Мәмбетниязұлының дүниеге келуіне байланысты қойылған, екіншісі – осы Құдайназар қонысы болған соң аталған деген деректер береді.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау облысы географиясы Санат:Қыраттар