Төлеш Еркебаев (1937 жылы туған, Маңғыстау ауданы Қаратөбе ауылы) – инженер.

Орал ауыл шаруашылық техникумын бітірген (1960). 1960 – 72 жылы Маңғыстау ауданы ұжымшарларында бас инженер, шеберхана меңгерушісі, 1972 – 73 жылы ауданы суландыру мекемесінде бас инженер, 1973 – 94 жылы «Ақшымырау» кеңшарында бас инженер болды. «Құрмет белгісі» (1991) орденімен, «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» медалімен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997

Дереккөздер

Санат:1937 жылы туғандар Санат:Маңғыстау ауданында туғандар Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері