Қабақ Ермембетұлы (1850–1903) — би. 1870–1902 жылы ояз бастығының тілмашы, іс жүргізушісі болды. 1873 жылы Хиуа жорығына қатысып, Адай жасағының туын ұстаған. Орыс әскерінің 1880–1881 жылы Ахал-Теке жорығына қатысып, Скобелевтің сенімді серігі ретінде қасында жүреді. Жорыққа Адай елінен 4 мың түйе, 500-дей сарбаз жинап көмектеседі. Маңғыстауды зерттеуге келген әр түрлі ғылыми экспедицияларға баласы екеуі жолбасшы, тілмаш болып қол ұшын береді. Патша үкіметінің бірнеше медальдарымен марапатталған. Бейіті Сисем ата қорымында.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Қазақ би-шешендері