Сығымдау, сығу () — шығатын тесігі бар қалыптың қуысында металл деформацияланып, оның бөлігі тесік арқылы ағатын қалыптау процесі.

Сығымдау - ыстық және суық қалыптаудың технологиялық операциясы.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0

Сығымдау түрлері Аралас, қиыстырылған сығымдау () — тура және кері сығымдаудың сүлбесін қатар қолданып сығымдау процесі. Бөлiп сығымдау () — жасайтын бұйымды бөлімдерге бөліп сығымдау. Керi сығымдау () — деформацияланатын металдың ағысы соташықтың қозғалысына кері болатын сығымдау процесі. Көлденең айналдыра сығымдау () — деформацияланатын металдың бөлігі көлденең бағытта (соташықтың қозғалысына перпендикулярлы бағытта) ағатын сығымдау процесі. Tура сығымдау () — деформацияланатын металдың ағысы соташықтың қозғалысымен сәйкес келетін сығымдау процесі. Үйлестірмелі сығымдау () — деформацияланатын металды қалыптаудың басқа операцияларымен үйлестіре сығымдауҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6

Дереккөздер

Санат:Метал өңдеу