Төлпеков Алберген (1927 жылы туған, Маңғыстау ауданы) – инженер. Қызыларбат қаласында (Түрікменстан) училищесін бітірген (1943). 1943 – 1945 жылдары Красноводск (қазіргі Түрікменбашы) қаласында машинистің көмекшісі, 1945 – 1964 жылдары Красноводск мұнай айыру зауытында оператор, 1964 – 1993 жылдары «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінде жөндеуші, инженер қызметтерін атқарған. Түрікмен КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1957), «Құрмет белгісі» орденімен (1959) және бірнеше медальдармен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007

Дереккөздер