Қалпақ Наурызмағанбетов (1941 жылы 17 тамызда Форт-Шевченко — 1 шілде 2020 жылы Қарақия ауданы, Маңғыстау облысы) — еңбек ардагері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы.

Толығырақ Қалпақ Наурызмағанбетов 1941 жылы 17 тамызда Форт-Шевченкода дүниеге келген.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті (бұрынғы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылғы институтын) бітірген.

1959 — 1989 жылдары — Маңғыстау облысы мұнай мекемесінің бұрғылаушының көмекшісі, жүргізуші, механик, гараж меңгерушісі, Ералиев атындағы кеңшарда бас инженер, партком хатшысы, директор болды.

1989 — 2020 жылдары — «Сенек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқарып, ауылшаруашылық саласын дамытуға сүбелі үлесін қосты.

Бірнеше рет аудандық, облыстық мәслихат депутаты болып сайланды.

2020 жылдың 1 шілдесінде қайтыс болды.Қалпақ Наурызмағанбетов өмірден өтті

Марапаттары 1978 — КСРО «Социал жарыстың жеңімпазы» алтын медалі 1982— КСРО ХШЖК-нің күміс медалі 1998 — Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Астана» тұңғыш мемлекеттік медалімен марапатталды. 2004 — «Тыңға 50 жыл» медалі 2006 — «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» медалі 2008 — «Астанаға 10 жыл» медалі 2011 — Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Құрмет ордені»мен марапатталды. 2016 — Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 5 желтоқсанындағы жарлығымен «Парасат ордені» марапатталды.«Парасат» орденімен Қарақия ауданы «Сенек» ЖШС директоры Наурызмағанбетов Қалпақ марапатталды 2016 жыл ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрмет грамотасы. Қазақстан Республикасы Президентінің бірнеше мәрте Алғыс хатымен және «Алтын Барыс» төсбелгісімен марапатталған. Маңғыстау облысының және Қарақия ауданының құрметті азаматы.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;

Дереккөздер

Санат:Маңғыстау облысының құрметті азаматтары